+1 дауыс
3.4k көрілді

2 жауап

0 дауыс
Мына жерде шойын және болат туралы презентация бар екен. Ішінде бірнеше слайдқа бөлінген біршама ақпарат көзі бар. http://referatikz.ru/load/0-0-0-1313-20 Осыны жүктеп алып қажетіңе қолдансаң болады! Ал [мына құжатты жүктеп алатын][1] болсаң қара метал шойын туралы толық ақпарат бар екен.

p.s. Сұрағың өте дұрыс қойылған екен. Қазақша әріптермен санаты дұрыс таңдалынып. Сұраққа ізденіп отырып жауап бергің келеді екен. :)

  [1]: http://r.my.nur.kz/d5/70/44517add13a0a05e0a0213bee2abfde9.doc
+1 дауыс
Шойын құйма
Жаңартылды 06.05.2011 11:26



Касли зауытының негізі 1747 жылы Уралда қаланған болатын, тек ХІХ ғасырдың үштен бірінің алғашқы бөлігінде ғана оның өнімінің ассортиментінде өзінің көркем құймасы пайда болды. Содан кейінгі онжылдықтар – Каслиде көркем шойын құйма өндіру ісінің барынша өркендеген кезеңі.

Сол өңірде табиғи қалыптастырушылық құмның мол болуы, ағаш көмірімен балқытылатын шойын сапасы, қалыптаушылар мен шекімешілердің ұзақ жылдар бойғы ауыр еңбегі нәтижесінде қалыптасқан шеберлігі арқасында керемет Каслилік шойын құю өндірісі жетілдірілді

Зауытта тұрған талантты орыс мүсіншілері М.Канаев, содан кейін Н.Бах Касли көркем құймасының табысты болуына зор еңбек сіңірді. Олар шойында құйып шығару үшін өздерінің ғана үлгілерін беріп қоймай, сонымен қатар бірқатар орыс мүсіншілерін де Каслиге тартты. Шойын құю өндірісінде Е.Лансеренің, А.Обердің. Н.Либерихтің және басқа да көптеген мүсіншілердің үлгілері бойынша жасалған құймалар пайда болды.

Зауытта шойын табиғатын, оның техникалық және пластикалық мүмкіндіктерін бүкіл зейінімен және тереңінен сезінген біртума тамаша шеберлер өсіп шықты. Олар өз ісіне шығармашылық еңбек ретінде қарады: өйткені бұл жұмыс солар үшін азапты қапас өмірдегі жалғыз жұбаныш болып табылатын.

Каслиде анималистік жанрдағы туындылар ерекше табысқа ие болды, өйткені шеберлер урал табиғатынан алған өздерінің әсерлерін  сол туындылар арқылы көрсете білді.

Шеберлер мүсіншілердің үлгілерін шойында дәл беріп қана қоймай, өздері де ерекше шығармаларды дүниеге келтіріп жүрді. «Жіп иіруші», «Аңыздағы шаруа» және басқа да мүсіндер жасаған В.Торокин өзіндік ерекше шығармашылыққа ие жан болатын. Касли құймасына осындай шығармалар арқылы қарапайым халықтың тұрмысын бейнелейтін жаңа тақырып енген еді. В.Торокиннің ізімен К.Тарасов, Д.Широков та бірқатар қызықты туындылар жасап шығарды.

Тамаша қалыпшы, аса күрделі үлгілерді дәл келтіретін Ф.Самойлин каслилік шеберлер әулетінен шыққан-ды. Француз мүсіншісі Готьенің (1911 ж.) үлгісі бойынша Дон Кихоттың ұқыпты да нәзік орындалған мүсіні, П.Клодтың  сүйкімді «Сәйгүлігі» көпшілікке әйгілі болды. А.Мочалин – каслилік ежелгі қалыпшылардың бірі. 1886 жылдың өзінде-ақ оның еңбектері көпшілікке белгілі болған.

Каслилік ең көрнекті шеберлердің бірі – Козьма Дмитриевич Тарасов. Ағаштан түйін түйетін тамаша шебер ең күрделі тапсырыстарды орындаған.

Ағылшын компаниясының концессиясына берілген Касли шойын зауыты 1908 жылдан бастап тоқырау кезеңін бастан кешірді. 1934 жылы Касли (енді машина жасау) зауыты жанынан арнайы көркем құю цехы құрылды.
...