+1 дауыс
34.9k көрілді
Асқазанның жарасын қалай кетіруге болады? Тіпті асқазан мазаламайтындай не істеуге болады? Өтінем білетіндеріңіз болса ойларыңмен бөлісіңіздерші...

7 жауап

0 дауыс
асқазанда "жара" бар екенін қайдан білдіңіз?! Қан құсып, ауырып, талып деген "признак"тары болды ма?
0 дауыс
Асқазан аурулары — өңеш пен 12 елі ішек аралығына орналасқан ас қорыту органының қалыпты қызметінің бұзылуы. А. а-ның ішінде: асқазанның қабынуы, асқазан жарасы, асқазан рагы жиі кездеседі. Асқазан қабынуының жедел және созылмалы түрі белгілі. Жедел қабыну кейбір дәрілерден, арақ-шараптан, шәй, кофені қою ішуден, тамақты өте ыстық немесе суық жеуден және бұзылған тағамды жеп уланудан пайда болады. Науқастың жоғарғы құрсақ тұсы жайсызданады, жүректің айнуы, құсу және іш өту байқалады. Созылмалы қабыну жедел қабынудың жазылмай қайталануынан туындайды. Ол 12 елі ішек сөлінің кері ағуынан, ұзақ уақыт ішімдікті, дәрілерді пайдаланудан, бактериялық қабынудан т.б. болады. Науқаста кекіру, ащы запыран келу, жүрек айну, құсу, арықтау және қан аздық белгілері байқалады. Ауруды гастродуоденофиброскоппен анықтайды. Ауру адам тағам, демалыс режимдерін сақтап, асқазан сөлін тежейтін дәрі-дәрмектер ішуі керек. Асқазанның ойық жарасы маусымға байланысты өршіп отырады. Аурудың ұшығуына көңіл күйзелісі, асқазан сөлінің жоғары қышқылдығы, тамақтану режимінің бұзылуы, темекі тарту, кейбір дәрінің кері әсері мен организмнің қорғаныс факторларының (иммунитеттің) әлсіреуі жатады. Көбінесе тамақтанғаннан кейін 1/2-1 сағ. ішінде науқастың жоғарғы құрсақ тұсы ауырады. Емдеу үшін тұз қышқылын бейтараптайтын атропин, циметидин т.б. дәрілер қолданылады.
кара зере майын кайдан алуга болады???
+2 дауыс
Аллаһтың атымен.
Бухариде, Әбу Хурәйрадан риуаят етілген хадисте:
«Зере – өлімнен басқа аурудың бәріне ем»,– делінген. Зере деген-қара тмин. Соны ішу керек
дұрыс!!)) Қара зире майы адамға өте жақсы көмектеседі. оны иммунодефицит
аллергия
ревматизм
тұмау
жеңіл тұмау, жөтел
бронхит, жоғары тынысалу жолдарының қабынуы
көтеу(геморрой)
жоғары қанның қысымы (гипертония)
асқазан жарасы
кіші дәрет жолдарының ауруына
тіс ауруы
терінің ауруы
құлақ ауруы
шаштың түсуіне өте жақсы көмектеседі! бір сөзбен айтқанда Қара Зире майы КЕРЕМЕТ!! Байкап көріңіз Жансезім!! Алла шипасын берсін!
Қара зирені қайдан табуға болады оны қалай қабылдаймыз аитсаңыздар екен алдын ала рахмет
Зерени каидан табамыз . дарихандан ба . аитыныздарш каидан табатынын . менин азказанымда еки жара бар катты аурып жур еш дари болмай жатыр.
0 дауыс
оны қайдан алуға болады зерены
0 дауыс
Асказан жарасын калай еетируге болады. Бир жакыным катты ауырып жур? Даригерлер оган айтыпты 3ак ай омири калыпты депти жазылама ол ауру
язваны қалай емдеуге болады жəне ол жаман ауру емес па? тез емделип кетуге болама?
0 дауыс
Кара зере(черный тмин) мусылман дукенде болады. Аптекада да бады
0 дауыс
Саламатсыздар ма? Қара заренің дәнегінің пайдасы мол ма, әлде майының пайдасы молма?
...