+2 дауыс
8.9k көрілді
Егер де сіз  "Білім Министрлігі"  болсаңыз  ең алдымен не істейсіз????? Пікірлеріңізді қалдырсыңыздар(finger)

14 жауап

+2 дауыс
Мына сайтқа кіре алмай, жұмысым бастан асып жрер ем да...
+2 дауыс
Түрлі-түрлі документтер жазам,Елбасының айтқандарын істеймін
+3 дауыс
10-11 деген сыныптарды алып тастауға болады (меніңше босқа уакыт жұмсау сияқты)
орыс әдебиеті пәнін алып тастап, әлем әдебиетін оқытуға болады
оқу курсы 1-9 сынып - колледж - университет қылып жасаған тиімді сияқты. швейцарияның білім беру жүйесіне ұқсатып
Қиялдап айта беруге болады ғой)))
Marseille бауырыма толыктай келісемін. Әсіресе орыс әдебиетіне байланысты айтқанына.
Өзбекстанда алып тастаған, олар 9-ды бітіріп, кететін жеріне кете бередіі....бірақ, Өзбекстанның білімін бізбен салыстыруға келмес!
+3 дауыс
ЕНТ дегенді алып тастап оның орнына экзамен, тіпті барлық системаны СССР кезіндегі сияқты жасар едім, себебі СССР- дың білім беру системасынан жақсырақ ештеңе тапқан жоқ.
+2 дауыс
Адамды ауызша сөйлеу, ойлау үрдісінен айыратын. Уақытша жатталып кейін ұмытылып, алған біліміңді текке жарамай қалатын бәрімізге аян. Аяғы осындай күйге әкеліп соқтыртатын  білім салаларындағы тест жүйесін алдыртып тастар едім
+1 дауыс
Білім министірлігі болсам, лицей, гимназия мектептеріндегі жылдың соңындағы емтиханды алып тастар едім....(өзім лицейде оқитын болған соң ғо хех)):)
+2 дауыс
Білім министрі болсам..... оооо оданда жоғары постқа ұмтыларма едім. Айтады ғой: *кедей бай болсам, бай құдай болсам деп армандайды*..... Алтын көрсе періште жолдан таяды дегендей кім біледі тойымсыз басшы болар ма едім. Жоқ әлде ел болашағын ойлаған  шенеунік боларма едім. Сүйтерме едім, бүйтерме едім, әй оданда өзім болайын..... содан артығы жоқ..... Дегенмен армандаған артық етпейді.....
+1 дауыс
Білім саламындағы көптеген сорақылықтардан ұялғаннан жерге кіріп кетер едім, себебі оларды жөндеуге жоғарғыдағылар бәрібір мүмкіндік бермесі анық, олай болатыны оларға осы жүйе тиімді.
+1 дауыс
-ҰБТ-ны бұрынғысынан қиындатар едім..))
-Барлық мектептің, еліміздің барлық мектептерінің формаларын бірегей етер едім, яғни единый..
ойыма бірінші түскені осы!
Сосын Суицид бойынша Қазақстанды әлем бойынша 1 орынға шығарайын деп едің ба?
)))))))))))))))))))))))))))))))))))))))
+1 дауыс
Сабақ 5 минут.Ал үзіліс 45 минут қылам
ресей елінің ғылыми кітаптарын қазақтіліне аударып қазақтарыдың салауаттылығын арттырар едім
0 дауыс
Егер мен білім министрі болсам, елдегі білім жүйесін түбегейлі өзгертуге ұмтылар едім.
Қазіргі білім беру жүйесі еш көңілімнен шықпайды.
енді мен сіздерге өзімнің арманымдағы бағдарламамды ұсынамын:
1. Ұстаздар айлық ақысын өз оқушыларының жеткен жетістіктеріне байланысты көбірек алар еді. егер оқушы қалалық, республикалық және халықаралық жарыстардан топ жарса, соған сәйкес оның ұстазының да айлық ақысы жоғарлар еді.
2. ҰБТ ұпайларын ЖОО түсі үшін 50, ал ҰЖОО тапсыратын түлектер міндетті түрде 60 ұпай алуы міндеттер едім. бұған қоса қазақ сыныптарына орыс тілінің, ал орыс сыныптарына қаақ тілінің жиналған ұпай сандарын оқуға түсер кезде қоса есептетер едім. егер оларды есептелмесе онда оны оқушы неліктен тапсырады?!
3. Әр оқушыға тегін үйірмелерге қатысуына мүмкіндік берерлік жағдайлар жасар едім.
4. Музыка, бейнелеу сынды пәндерді толықтырар едім.
5. қазіргі оқулықтардың барлығын дерлік заман талабына сәйкестендіру жолында үлкен тер төгер едім.
6. Еліміздегі барлық мектептерге  Біріңғай Ұлттық Форма даярлауға тапсырма беруші едім. себебі адамды сыртқа тантар бірінші элемент - киім, одан соң - білім. формалардың барлығына ұлттығымызды ұлықтайтын оюлар салдырушы едім.
Бұдан да басқа көптеген бағдарламаларды жүзеге асырар едім....
қап, әттең білім министрі емеспін.
0 дауыс
Егер мен білім министрі болсам...
Егер мен білім министрі болсам, елдегі білім жүйесін түбегейлі өзгертуге ұмтылар едім.
 Қазіргі білім беру жүйесіне біраз өзгерістер енгізгім келеді.
 1. Жалпы мектептердің барлығын аудандық,қалалық болсын компютерлендір едім әрбір сынып әрбір партада бір – бір компютер тұруын қадағалар едім.
 2. Электрондық білім жүйесін жетілдіретін едім Оқушылар мектепке ешқандай папка немесе кітап тасымайтын болады.Бұл ата-ананы балалрына оқу керек жарақтарына шығындалудан   жол белдірмес еді.ауыр папкаларды арқалау балардың денсаулыңына едәуір зияанын тигізіп жүр.
 3. 12 жылдық білім жүйесіне өтпес едім  Швейцария білім жүйесіне ұқсатып. .Қамшының сабындау қысқа өмірдің 12 жылын мектеп табалдырығында өткізу бұл өрескіл қателік деп санаймын.
 4. Латын қарпіне көшуді ертерек қолға алар едім
 5. ҰБТ-ны  мүлдем алып тастар едім.ҰБТ жастар психикасына нұсқан келтіруде.  ЖОО түсу үшін бұрын ғыша тсетін ЖОО-ында сынаақ тапсыратын болады.

 10. List item*emphasized textemphasized text*:P
0 дауыс
Білім бұл ілім, білімнің шыңына шығуға болады. Сол себепті балаларды оқытқанда бір тілден, қазақ тілінен тереңдетіп білім беру керек. Сол үшін қазақ тілін мәдени тілде оқыта білуіміз қажет. Қазақ тілінде, мәдени тілін қалыптастыру үшін еліміздегі мықты ұстаздарды, мұғалімдерді біріктіріп создіктерді реттеу керек...
0 дауыс
Мен білім министрі болсам ең алддымен ұстаздарды жұмысқа алғанда және аттестациядан өтерде диктант жаздырып алар едім кейбір мұғалімдер жоғарғы санатта жүріп жазулары қате-қате , екіншіден жас мамандарды көп тартар едім 25 жыл еңбек өтілі (стажы) бар мұғалімді зейнеткерлікке шығарар едім, қарт әже болып сабақ бергенше зейнетке шықсын да азғантай сағатпен жастарды үйретіп 5 жылдай жүрсін  себебі 6 жастан мектепке барады 11 жыл мектепте оқиды, 5 университетті бітіреді  25 жыл жұмыс жасайды сонда мұғалім 47 жасқа келеді зейнеткерге мұғалімді 48 жаста шығару керек те білім саласына жанып тұрған жастарды қою керек
...