Егер мен білім министрі болсам, елдегі білім жүйесін түбегейлі өзгертуге ұмтылар едім.
Қазіргі білім беру жүйесі еш көңілімнен шықпайды.
енді мен сіздерге өзімнің арманымдағы бағдарламамды ұсынамын:
1. Ұстаздар айлық ақысын өз оқушыларының жеткен жетістіктеріне байланысты көбірек алар еді. егер оқушы қалалық, республикалық және халықаралық жарыстардан топ жарса, соған сәйкес оның ұстазының да айлық ақысы жоғарлар еді.
2. ҰБТ ұпайларын ЖОО түсі үшін 50, ал ҰЖОО тапсыратын түлектер міндетті түрде 60 ұпай алуы міндеттер едім. бұған қоса қазақ сыныптарына орыс тілінің, ал орыс сыныптарына қаақ тілінің жиналған ұпай сандарын оқуға түсер кезде қоса есептетер едім. егер оларды есептелмесе онда оны оқушы неліктен тапсырады?!
3. Әр оқушыға тегін үйірмелерге қатысуына мүмкіндік берерлік жағдайлар жасар едім.
4. Музыка, бейнелеу сынды пәндерді толықтырар едім.
5. қазіргі оқулықтардың барлығын дерлік заман талабына сәйкестендіру жолында үлкен тер төгер едім.
6. Еліміздегі барлық мектептерге Біріңғай Ұлттық Форма даярлауға тапсырма беруші едім. себебі адамды сыртқа тантар бірінші элемент - киім, одан соң - білім. формалардың барлығына ұлттығымызды ұлықтайтын оюлар салдырушы едім.
Бұдан да басқа көптеген бағдарламаларды жүзеге асырар едім....
қап, әттең білім министрі емеспін.