+4 дауыс
1.9k көрілді
Мен бір қызды ұнаттым,ол қыздың да көзқарасы маған тәуір еді,мен тіпте ол қыздың бетіне тура карап сөйлеуге ұялатынмын,тормоз болдым қысқасы,ол қыз соны байқап мені ұнатпай қалды,қазір қызға сөз айтайын десем,тағы да ұнатпай қалар деген оймен ешкіммен жүрмеймін,жасым болса 25 те,ал мен ешқайда қыдырмаймын, көңіл көтермеймін,үй күшік болдым,тормоздықтан қалай арыламын?

8 жауап

+3 дауыс
*Өз өзіңе сенімді болу қажет!*Ештеңеден ұялмай,қорқпай,тек өзіңе сену керек!Оның еш қиындығы да жоқ! Бәрі тек өзіңе байланысты.
+5 дауыс
Жағдай қиын брат...
Достарыңыз қайда?.. Мен да көңіл көтеруге онша зауқым соға бермейді, уйде кітабымды құшақтап жатқанға не жетсін деп ойлаймын, бірақ шүкір, достарым бар, олар мені бұлай қалдырмайды, қояр да қоймай шығарады...
Үйде бір отырса соған адам дағдыланып қалады, бір рет өз өзіңізге сенімді болып шығыңыз, хоть бір рет...
Тормоз екеніңізді біліп тұрсыз, адам өз минусын білген де жақсы, соны біліп ғана қоймай жою керек!
*Қазақта сөз бар: "Ұлдын үй күшік болғанынан, қыздың қаңғыбас болғанынан сақтасын" деген.*
Алдымен адам көркі шүберек деген, ыңғайлы жарасымды киім киіп, бір жастар көп баратын жерге кешкісін серуендеуге шығыңыз, айналаңыздағы адамдарды бақылаңыз...
*Сонша жиырма беске дейін не істегеніңізге таңым бар... Жастық шағыңыз өтті ау... *
Тиран, жауыз, қылмыскерсіз! өз уақытыңызды өзіңіз өлтірдіңіз!!!
+3 дауыс
Батыл болыңыз! Еш нәрседен қорықпаңыз! Сіз бірінші болып қадам жасамасаңыз, қыз өзі сөз айтпайтын шығар енді...Осылай жүре берсеңіз, үйленбей қалуыңыз да ғажап емес...Тек қана АЛҒА қадам басыңыз! Өзіңізге сенімді болыңыз!:)
+2 дауыс
Тормоз болғанңызды қалай байқап, ұнатпай қалуы мүмкін...?
Осыншама уақыт сізді жақсы көріп, бір тормоз болғанңызды байқап, лақтырып кетпеген шығар?! Ойланып көріңізші, басқа да жақтарын...мүмкін емес нәрсе, тормозға бола ұнатпау деген
+1 дауыс
саган жаксы кыз табу керек,озин секилди кыдырмайтын,жуас кыз,ол егер сендей тежегиштерди унатса,сен оз озине сенимсизсин,содан туындайды барлыгы,спортпен шугылдан,сенимдилигин артады
0 дауыс
Иә! Расында басқалар айтып жатырғандай,өз-өзіңізге сенімді болыңыз.Тек алға қарай ұмтылыңыз.Сонда бәрі жақсы болады ИншАЛЛАХ!
0 дауыс
Ештеңеден қорықпаңыз! Ашық айтыңыз қалай бар! Максимум еститініңіз "ЖОҚ" деген сөз! Оны күнделікті тұрмыста жиі естіп жүрсіз ой! Одан дене мүшелеріңіз түсіп қалып немесе басқа жағдайлар болмайды! Сондықтан ештенеде қорықпаңыз!
0 дауыс

тормоз? адам ешкимнен корыкпауы керек тек кана алла тагаладан корык

...