0 дауыс
138k көрілді
Жаз - төрт мезгілдің бірі. Жаз айлары өте ыстық, әсіресе шілде айы. Жаз деген тақырыпқа шығарма жазу?

7 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Жаз
    Жаз келді. Күн шығып, дала жасыл кілемге оранып, әдемі гүлдер шығып жайқалуда.
 Баларда демалысқа шығып, ауылдағы ата- әжелерінің үйлеріне барады . Күн сәулесі адам денесін ысытады.Көп отбасылар енді теңізге барады. Қалың киімдерін салып,  жеңіл киімдерін шығарады.  Далада көп деген шыбын- щіркейлер, көбелік, инеліктер шығады. Жаз өте ыстық болады, сондықтан отбасылар далаға жатады. Төрт-түлік малдар  төлдейді. Балалар қошақан, бота ,күшік солармен күні- түні  қызық көріп ойнайды. Жас балалар қолдарына ермексаз байланған жіп ұстап, инеліктерді ұстайды. Жазымызда осындай қызықтармен өтеді. Жаздан кейін желді, жаңбырлы, алай-дүлей күз келеді.
0 дауыс
Менің жазғы каникулым өте қызықты өтті. Жазғы демалысымды мектеп кезінде қатты күтіп едім, енді міне, сол демалыстың санаулы соңғы күндері өтіп жатыр.

Алайда, демалысымның тез аяқталғанына жабырқамаймын. Себебі, мектептегі достарымды, ұстаздарымды қатты сағындым. Каникулымның барлық күні қызықты әрі есте қаларлықтай өтті.

Әдетте көп балалар демалыс күндерін басқа қалада өткізгенді қалайды. Ал, мен демалыс күндерімді ата-анамның қасында өткізгенді қалаймын. Себебі, сабақ күндері ата-анама қолұшымды жиі бере бермеймін. Өйткені, олар менің сабақты жақсы оқығанымды қалады, басқа нәрсемен айналысып, көңілімнің бөлінуін қаламады. Сол үшін демалыс кезінде барынша ата-анама көмектескім келеді.

Алайда, басқа қалаларға да әжеммен бірге жиі барып тұрамын. Мен үшін туған жерімде өткізген демалыс күндерім өте қызық.

Мен Қызылорда облысы, Арал қаласының тұрғынымын. Менің бұл жақта достарым өте көп. Біз ер бала болғандықтан, көбіне футбол ойнағанды жақсы көреміз. Алайда, одан басқа түрлі ойын ойнаймыз.

Каникулдың ортасында ата-әжем тұратын ауылға барып қайтамын. Ол жақ мен үшін тамаша мекен, каникул басталса мені әсте сол жақ тартып тұрады. Неге екенін білмеймін?! Ол жаққа барсам, ата-әжемнің ерке немересіне айналған соң шығар. Олар өте жақсы адамадар, мен барсам бар дәмдісін алдыма қояды.

Атам маған үнемі дана, ұлы ғұламалар айтқан сөздерді жиі айтып отырады. Мен олардың барлыған жадымда сақтауға тырысамын. Өйткені, ол сөздер адамға дұрыс жол бағыттайтын сөздер.

Мен үшін ең ашық аспан ата-әжем тұратын ауылдың аспаны. Жұлдыздар аспанда саң мыңдап түрлі пішін көрсетіп тұрған секілді. Атам екеуіміз жетіқарақшыны санап, ауылдың салқын самалымен ұйықтап, шығыстан атқан күнімен бірге оянамыз. Таңғы шайды тәттілеп ішіп, айраннан ұрттап, азаннан кешке дейін ауыл балаларымен ойнаймын. Ауылда менің достарым өте көп, біз түрлі ойын ойнаймыз.

Асық, ләңгі, аударыспақ, күрес және басқа. Бұл ойындар ер балалар ойнайтын қазақтың ұлттық ойындары. Негізінде футбол ойыны Қазақстанда жедел түрде дамып келе жатқан секілді. Қай жерде болмасын, ер балалардың бастары қосылса футбол ойынын ойнайды. Сол секілді біз де бұл ойынды ойнағанды жақсы көреміз.

Мені бұл жақта балалар «Марио» деп атайды. Ол - Германия футбол құрамасында доп тебеді. Бразилияда өткен футболдан Әлем чемпионатында бұл құрама чемпион атанған. Сол кезде финалда аргентиналықтардың қақпасына өзінің үздік голын салған осы Марио болатын. Мен бұл Әлем чемпионатын үзбей қарадым.

Ауылда футбол алаңында барлық баланың басы қосылып, бөлініп осы ойынды ойнаймыз. Ойнап болған соң жүгіріп ауылдағы тауға мінеміз. Ол жақтан ауыл алақандай болып көрінеді.

Бұл ауылда тұз өндіріледі. Ауылда асыр салып ойнап, қалаға қайтамын. Қаладағы күндерім де өте қызық. Өзім түрлі нәрсемен айналысқанды жақсы көремін. Сондықтан болар, барлық күнім өте қызықты өтеді.

Мен бос уақытымды тиімді пайдаланғанды жақсы көремін. Мысалы, кітап оқимын, сурет саламын, анда-санда өлең шығарамын, заттарды фантазиямен түрлендіремін. Шығарған өлеңдерімді жақында «Балапан» телеарнасына жолдаймын.

Менің каникулым осылай қызықты өтті. Бірнеше күннен кейін мектепке барамын. Тағы бір сыныпқа өстім. Бұл сыныпты да жақсы бітіріп шығатыныма сенімім мол.
+1 дауыс
Жайдары жаздың көрінісі

Жайдары  жаз басталғалы бері Табиғат-Ана құлпырып сала берді. Бұл мезгілдің арайлап атқан таңы да ғажап.

Күлімдеген күн шуағы барша әлемді қуанышқа бөлейді. Көктегі аспан да ешбір сызатсыз күн сәулесін одан әрі нұрландырып, барша әлемді жылуымен баурап алады. Аспанда қалықтап қанат жайған құстар да жаздың сәнін келтіріп, әдемі әнімен жер бетіндегі әр жанға көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Айналаңа мән беріп қарасаң, жер жүзі жасыл орамалға оранғандай. Бақша ішіндегі гүлдер кең даланың төсін өзінің әсем бейнесі, хош иісімен баурап алған тәрізді. Таңның атысынан кештің батысына дейін дамылсыз қызған тіршілік. Жадыраған жаз мезгілінің бұл көрінісі адамзат баласына үлкен септігін тигізуде. Бар адамның көңілі көтеріңкі, жүзі жайдары. Олардан жәндіктер де қалысар емес, қыс азығын қамдауды бүгіннен-ақ бастап кеткен.

Бұл көрініс – жаз мезгілінің мәнін келтіретін табиғаттың тылсым күші. Суреттегідей сұлу мезгіл шынайы жүзде одан бетер көркем. Себебі, ол – ешбір бояусыз табиғаттың сыйға тартқан әсемдігі. Бұл әсемдікті жаңбыр тамшылары көріктендіре түсіп, табиғат әлемін сейілтеді. Жаңбырдың тамшылаған үнінен кейін далаға жүгіріп шығып, алысқа көз жүгіртіп қарасаң, иілген кемпірқосақты көресің. Сан түрлі түсті бойына жинаған кемпірқосақ – жаз мезгілінің әсем бейнесін әрлей түсетін табиғат тамашасы.

Сәния Балабекова

Өтеген батыр ауылы,

Іле ауданы,

Алматы облысы
0 дауыс
Жаз-төрт мезгілдің бірі. Жаз айлары өте ыстық, әсіресе шілде айы. Балалар демалысқа шығып, қуанып, асыр салып достарымен таңнан кешке дейін ойнайды. Ал кейбірі жүктерін жинап, алыстағы туыстарына жол тартады. Жазда күн астында жүріп-ақ қарайып кетесің. Мен өзім Қызылорда облысының тұрғынымын. Қызылордада жаз өте ыстық болады. Арасында жаңбыр да жауып тұрады. Жаз мезгілінде егін егіп, бақшаның жұмысымен жүресің. Не ексең, соны орасың дегендей, қалай еңбектенсең, егіндерін жемісін береді. Әрине, біздің көп жейтін жемістеріміз қауын-қарбыз. Біз оларсыз жазды өткізе алмаймыз. Жаз мезгілінде алыстан құстар ұшып келеді, олар да шуласып, аспанда шыр-көбелек айналып жүреді. Сайраған бұлбұлдар, қаңқылдаған қаздар, тақылдаған тоқылдақтар осының бәрі жаздың сәні демейме?! Бақшамызда түрлі гүлдер бүршік жарып, гүлдерін ашуда, оларға бәйшешек, қызғалдақ, сарғалдақты және т.б. жатқызамыз. Міне, осылай жазда өтіп кетеді. Әне-міне дегенше, күзде келіп, балалар да сабақтарына жол тартады.
0 дауыс
Жаз келді дегенше, жер көк кілемдей жайқалып, күннің көзі жарқырап шыға келеді. Жаз төрт мезгілдің ішіндегі ең ыстық әрі ең көңілді мезгіл. Өйткені оқушылардың барлығы жазғы демалысқа шығып, күніге серуен кешіп, ойын ойнайды. Жаз айларында, әсіресе шілде айында шомылуға немесе табиғатқа шығу өте керемет. Ал кейбіреулері болса ұзақ уақытқа апа-аталарына немесе жақын туыстарына барады. Жалпы өзім ұзақ бір сапарға шыққанды ұнатамын. Мен Тараз қаласының тұрғынымын, мұнда жаз айлары ыстық болғаны соншалық, бірден қарайып кетесің. Жаз айларындағы тағы бір ерекшелік, кешкілік кезең қатты ұнайды. Өйткені кешкі масатыдай салқын жел керемет күйге бөлеп, уақыттың қалай зымырап өтіп жатқанын байқамай жүре бересің. Көрші балалармен аулаға ойынға шығып, футбол, волейбол ойындары қызық үстіне қызық бола береді. Жаз айларындағы әрбір күн өте тамаша, дегенмен жыл мезгілдерінің қайсы бірін алсақ та, әр қайсысының орыны бөлек, ерекше…
0 дауыс

Жаз 

Жаз, келді. Күн шығып, дала жасыл кілемге оранып, әдемі гүлдер шығып жайқалуда! Балалар демалысқа шығып, қуанып, асыр салып достарымен таңнан кешке дейін ойнайды. Күн сәулесі адам денесін ысытады. Көп отбасылар енді теңізге  барады. Жазда күн астына жүріп-ақ қарайып кетесің. Сайраған бұлбұлдар, қаңқылдаған қаздар, тақылдаған тоқылдақтар осының бәрі жаздың сәні демйме!?

0 дауыс

Жаз - ең шуақты да, көңілді, бірақ ыстық жыл мезгілі. Жаз айлары: маусым, шілде, тамыз. Ыстық күндері көлге, өзенге барып, шомыламыз. Жазда демалып, достарымызбен жылы ауа - райында  асыр салып ойнаймыз. Жазда балмұздақты тойып жейміз. Үйде өзіміздің хоббилерімізбен айналысып, жаз біткен соң, күзді қарсы алып, 1 - кұркүйекте қайта мектепке қуанышпен барамыз.

...