0 дауыс
830 көрілді
Сіздің сабаққа деген құлшынысыңыз қалай болды?!
Сабақтан қашқан кезіңіз болдыма?!
Осылар туралы әңгімелеп берсеңіздер?!

13 жауап

0 дауыс
Сабақты қатырып үздік оқығаным жоқ бірақ жеткілікті дәрежеде оқыдым деп ойлаймын. Қашу жағына келсек ол жағын қатырам, қазір студентпін әлі де қашып жүрмін. Ең құлшынп сабақты көп оқыған кезім 2-ші курс мамандығыма келмесе де Маркстың "Капитал" деген еңбегінде оқып тастаппын.
+2 дауыс
Сабаққа деген құлшынысым керемет десем де болады,"оқы,оқы және оқы" деген сөзге орай сабағыма жақсылап көңіл бөлемін.
Сабақтан қашқан кезім мүлде болған емес.Сабақты 4-5 ке оқимын.
+1 дауыс
Сабаққа деген құлшынысым оқу жыл басында күшті болады да, соңына таман төмендей түседі...Мысалы, қазір)
Сабақтан анда-санда, жылына 2-3 рет сыныппен қашқан кездеріміз болды...)
+1 дауыс
Сабаққа деген құлшынысым 5-6 ларда жақсы еді. Қазір орташа. Бір рет сыныпппен білмей сабақ болмайды деп кетіп қалғанбыз. келесі күні сабаққа келсек ағай барлығымызға ұрысты. Тіпті директор шақырам деді.|(
хахах!!! есімде! ой қызық болды-ау!
0 дауыс
1,4 тоқсанда еш құлшынысым болмайды,ал 2,3 тоқсанда керім беріліп оқимын.Сабақтан қашқанда групповой қашамыз.Кейде терезеден секіріп кетеміз.
0 дауыс
мен мысалы қымбат нәрселерді көрсем сабаққа құлшынысым арта түседі. Сабаққа көп уақыт бөле алмаймын , бірақ 5- ке оқимын. Сабақтан көп қашамын, мектептегі рейтинг бойынша 1 орында тұрмын
+1 дауыс
..."Степуха" керек болса сабақтан қашпайсың да...
Ал құлшыныс... Мұрныңның ұшына тірелген кезде ғана артып кетеді ғой)
Мен көбіне группама зуб болған кезде (жиі болады) ғана соларға на зло оқимын, ұнайды сондай, Ұлдарды қойш, группамдағы жігіттер мүлдем оқымайды, қыздармен зуб болған қызық))
Тақтаға шықса қиын сұрақ қойып ай бір ашуландырам))) Мен шығар кезде сол қисынсыз қояды-ау деген жерлерін пысықтап шығамын, бірақ бәрібір ұстап алады ғой сұрақпен)) сондада мен оқып жатқан жерде ұлдарды жоғары ұстайды)) преимущества бар ғой)
Солай бәсекелестікпен оқымаса, былайыншада сабаққа құлшыныс мүлдем бола мермейді...
-
0 дауыс
Сіздің сабаққа деген құлшынысыңыз қалай болды?!
Сабақ, жалпы, қызық ғой...
Бізде бұрын жарысып оқитын едік, әдейі жігіттерге қисынсыз сұрақтар тауып, осыны оқымайды-ау деген, МЕН деген  VIP сұрақтарды іздейтінбіз...Тағы сосын, әдейі қыздар өзіміз келісіп алып, білетін сұрақтарымызды қыздар өзімізге бөліп беріп, тақтаға шыққаннан соң, осыны қоясың деп айтып қоямыз...Одан кейін жігіттеріміз бір тулап, олар да да көреалмаушылық туындап, қиын-қиын деген сұрақтарды шығарады...білмей, жауап бере алмай тұрсақ, мына жақтан ПОДСКАЗКА күтіп тұратын едік, қиын сұрақ қойылса болды, отырған оқушылардан оқымайтындарының өзі кітапты парақтап, бастары жерге салбырап кететін...Жалпы, көңілді өтетін, себебі, сыныпта бір ПрИколист бала оқитын...
Сабақтан қашқан кезіңіз болдыма?!
Сабақтан қашқан кезім болмапты, тек апйымыздан сұранып кетемін...
0 дауыс
Сіздің сабаққа деген құлшынысыңыз қалай болды?! осы көктемнің басында тамаш еді.Қазір көбіне тарихта ұйықтап қала беремін.Ал, биология, география, физика, алгебра деген сабақтарды жарысып оқимын.Химияда үн түнсіз артқа барып ұйықтаймын.
 Сабақтан қашқан кезіңіз болдыма?! Әрине онсыз бола ма? қазір де денеден қашып кеттік, нақытырақ айтсам қашырып жіберді.Дене 9айда тек 2-3рет болады.
 Осылар туралы әңгімелеп берсеңіздер?!
0 дауыс
Сабақты тек 4-5 -ке оқимын.  Жыл аяғында  құлшынысым төмендейді. Шынына келсек негізгі сабақтарға ғана көңіл бөлем.  Негізгі бас қатыратын сабақтарды жақсы көрем, себебі жалықтырмайды.  Негізгі емес сабақтарда ұйқым кеп отырады. Негізгі сабақтар 1,2,3,4- сабақтар болады көбінесе.   Сол себепті соңғы сабақтарда баріміз қашып кетеміз. ол жыл бойы емес әрине. Тоқсанның аяғында сабақтан жалыға бастағанда.
0 дауыс
*-Сіздің сабаққа деген құлшынысыңыз қалай болды?!
-мен тоқсанның басында өте-ее керемет оқимын да,тоқсанның аяқ жағында басылып,оқымай кетем..Ең..ең сүйікті пәндерімді міндетті түрде жақсы оқуға тырысам..)
-Сабақтан қашқан кезіңіз болдыма?!
-Иә...Бірақ,жалғыз өзім емес сынып болып..*
0 дауыс
Жақында сабақ оқуға көңіл куйім болмағанда барлық 3сабақтада арқайын ұйықтадым.Осындай жағдайда парталасыңмен тату болсан жанында пысылдап ұйықтай бересің, ал парталасың сені неше түрлі попарациялар мен апайдын айхайынан құтқарады
0 дауыс

Сабақ оқуға деген ынта әркімде әртүрлі. Дегенмен, қазіргі балалар сабақ оқуға эмоционалды түрде дайын емес. Оған бірнеше фактор әсер етіп жатыр. Толығырақ мына жерде

Ұқсас сұрақтар

...