+8 дауыс
5.8k көрілді
Құрметті бауырлар бұл жерге жергілікті диалекті сөздерді талқылап бір бірімізге сұрақтар қояйық! Су құятын ожаудан үлкен ыдысты бізде Шөміш дейді сіз жақта қалай?

15 жауап

+7 дауыс
қайсы ыдысты айтып тұрсыз? дұрыстап түсіндіріп жіберсеңіз?

 

Бізде шәй демдейтін ыдысты шайнек дейді, ал коп жерлерде аққұман деп айтады
+8 дауыс
Бізде бақыраш дейді))) Орал жақта)))
+7 дауыс

"Шөміш" деп жазамыз, "чөміш" деп айтамыз smiley

+7 дауыс
Шөміш деп ковшты айтамыз) Біз шығыстықтар
Бізде батыста ожау дейді. Сондай-ақ көпшік дейміз, басқа жерлерде жастық дейді еен.
Жастық деген подушка еді))))))
+6 дауыс
Бізде бақыраш дейді, ал ожаумен сорпа сапырамыз! Ех, сорпа ішкім кеп кетті ғой! Әжемнің ыссы сорпаның буын бұрқыратып сапырып отырғаны есіме түсіп кетті.
+5 дауыс
Атырау өңірі ожау дейді.
+5 дауыс
Шелек (Шалқар жақта) - Бақыр (Алматы жақта)

Қарбыз - Дарбыз

Жақсы - Айбат
+6 дауыс

Бізде Маңғыстауда Шөміш Ожау қолданыста. Өз басым естіп жүрген сөздерім, Шалбарды Сым дейтіні бізге Маңғыстаулықтарға 1 түрлі естіледі. Анегдот бар біз жақта. 1 кісі Қазақстанның басқа облысында туратын кісі базарда шалбар сататын сатушыларға барып сымдарың шамамен қаншадан десе, әлгі сатушы: аға бұл жақта емес, сымды запчасть жақта сатады  депті. бізде Сым шалбар емес, орысша айтқанда провод ғой

 қызық екен!!!  angel

+5 дауыс

Ожау дейміз...

+6 дауыс

 


 Oжау дейді. Батыста солай атайтын секілді.!)))
+4 дауыс
Біз жақта. Жаңатас қаласы, Жамбыл обылысы. Бізде де ОЖАУ дейді.!
Иә, иә ожау дейді!
+4 дауыс

біз жақта су алу үшін пайдаланылатын ыдыс-бақыраш.

сорпа, сүт т.б  құю үшін пайдаланылатын көлемі 1 кеседей ыдысты  ожау деп айтамыз,

Қызылорда жақтанмын...

Біздеде солай орал жақта
Қызылорда диалектілері: пәрнек - чайник, ауыш - не-то, қолбақыраш - су алып ішетін ыдыс, сәкі - тапчан,  шемішкі май - өсімдік майы , кола - баклашка, кәаір - қыздардың сөзі, кіттай - кішкентай, қоттау - оталдыру, леген - тазик, тас шөкелеу - тас лақтыру.

батыс диалектілері: не хабар, не зат, нар - тапчан, аққұман -чайник, алқа -құлып, төне жақ - ана жақ, қарайған адам - көп адам, нән - үлкен, ірі, аяқ - машинаның дөңгелегі, қопырақ - ебедейсіз, әулие - бейіттер, самар - тазик, көпшік - жастық, сау бол - рахмет, астау - кузов, тележка, отырғыш - орындық, дәм болсын - әшейін

Семей жақ шіби - балапан, бітти- кішкентай, діңке- қауын, қауын - қарбыз

Алматы шайқау - шаю, кеңкелес- жынды, бірсұмдық - біртүрлі, жозы- стол, сым- шалбар, кәуа - асқабақ, сумай- өсімдік майы, әаке - сестра

Шымкент тұқым немесе мәйек - жұмыртқа, әпше - сестра, ауқат - тамақ, жаурап - тоңып, беймарал емін еркін,

әлі де жазылмағандар көп. толықтырайық.
Қазақ екен,Жамбылда;
-"Мына алдарыңызға қойылғаннан алыңыздар,дәм болсын"-десек,Батысша:
-"Мына алдарыңызға қойылғаннан алыңыздар,әшейін"-болады екен да,қызық.
+1 дауыс
Жамбыл жақта:
-"Үп-үлкен болып,сатыдан құлап жындымысың"-дегенді,Аралшаға аударсаң:
-"Әп - әйдік болып,зәңгіден құлап ауышпысың" - болып өзгеріп кетеді екен.
Қырғызша ма не болып кетті?
:D:D:D:D
0 дауыс
Келісем Менде Жаңатас қаласында тұрам біз жАқта ОЖАУ ДЕЙДІ  ЖАМБЫл ОБЛЫСЫ САРЫСУ АУДАНЫ
0 дауыс
Жамбыл облысында айтылатын диалект создер кандай?
...