0 дауыс
717 көрілді
Виртуалды махаббатқа сенесізбе?

8 жауап

0 дауыс
Ол қандай махаббат? Жалпы виртуальный мир дегенді естігем ,ал махаббат....
Екі сөзді де кім тусіндіріп бере алады? Білмейтін едім...
Суретіне ғашық болу...Дігітік-дігітік ат шапты, Алматыдан қыз таптым, Қыздың аты Айгүл, бетіне қарасам (дисфэмизм сөз).
0 дауыс
Ну енД gsm толқындары арқылы болад бауыр басып қалуға, тіпті cdma, megaline байланыс толқындары арқылы иллюзия құрып рахаттана беруге болад, бірақ Вера Брежневаның Реал өмір дген тамаша әнін естіп барлығына күрек шаншып кетуге болад. )
"Күрек шаншып кету" ..нені білдіреді ?
+1 дауыс
Сенбес едім виртуальный махаббат,негізі күлкілі естіледі декге де болады,мен сенбеймін сенуге тұрмайды деп ойлаймын!
+1 дауыс
Жоқ сенбеймін. Виртуалды махаббат деген бос сөз. Жәй бір суретке, оның хаттарына қарап бір көзқарастың қалыптасуы ғана ғой... Фотошопқа ғашық болу......???? Виртуалды махаббат?...... Нағыз махаббаттың не екенін білмей? Шынайы махаббатын таба алмай, адасып, махаббат пен жәй өткінші сезімді шатастырып жүргендер болғанда қайдағы виртуалды махаббат???
+2 дауыс
Мен ғашықпын шын ғашақпын сол бір жанға ...ЖАНҒА... комптың ар жағынды кім отырғаның кім білсін? Тошно қыз ба? или тошно жігіт пе? мүмкін ерігіп отырған пенсионер болар))
- Мен онымен телефон арқылы да сөйлестім!
- Қазір телефоннан даусын өзгертіп шығаратындары да бар, мысалы менің бұрынғы мотороллам..
Ал енді, мүмкін мен де ерігіп отырған кемпір шығармын)) Мені мұнда ешкім танымады ғой))
-
көңілді жауап.)))
Жағымды пікір
бір жерден оқыған сияқтымын ше)
<br>
Бәлкім Сен білерсің "Күрек шаншып кету" сөзінің  мағынасын ?
)) авторлық құқығын қорғап алмадың ба)))

Мен тура мағынада түсініп тұрмын... Ауыспалы мағыгасын... Меніңше *барлығына қолды сілтеп кетуге болады* деген сияқты-мыс.
Дінмұхамед, Алғысым-мыс.)
Теменов Дінмұхамед қызық екенсіз! бірақ мен сізге сенем
Рахмет, айналайын;))
0 дауыс
Менің ойымша
 ВИРТУАЛДЫ  МАХАББАТ не существует, жай агентпен сөйлесіп, бауыр басып қалатын бар, оларға мысалы бір-бірінен алыста тұратындар жатады))
Мүмкін ол саған жаным, күнім деп, өзі саған көзіне шөп салып жүрген шығар... Сонымен ДОСТАР ВИРТУАЛДЫ МАХАББАТқа сенбей-ақ қойыңыздар)))
+2 дауыс
*Суретіңді жақын басам,  
Көрем сосын жасырын...
Келер екен хатың қашан,*
Виртуалды ғашығым.
Өткен ғасырларда би алаңында танысу қандай сәнді болса, бүгінгі күні интернет алаңдарында танысып, табысу сондай сәнге айналып отыр. Ыңғайлы әрі қолжетімді құрал "Тағдыр маған екінші жартымды қашан жолықтырар екен?!" деген салмақты сауалды тіптен оңайлатып жібергендей.
Шынайы оқиға: Қыз бен жігіт танысу сайты арқылы бір-бірімен танысып, ұзақ уақыт сөйлесе бастайды. Ақыры кездеседі. Жігіт суреттегі сұлу қызды күтіп тұрады, қыз да сымбатты жігіт алдымнан қарсы алар деген үмітпен келеді. Соңында екеуінің де қарсы алдарында қарапайым ғана киінген кәдімгі қыз бен жігіт тұрады. Бір-біріне көңілі толмаған екеудің әңгімелері жараспай, кездесулері сәтсіз аяқталады. Бірақ, оқиғалары аяқталмайды. Келесі күні қыз жігітке кездесу туралы ләм-мим деместен хат жібереді. Жігіт те дәл бұрынғыдай сөйлесе береді. Сөйтіп, олар мүлде кездеспеген адамдардай хат жазысып, виртуалды махаббаттарын қайта жалғайды...
"Ол маған сондай керемет сөздер жазды, өмірімде бұндай сөздерді естіп көрмеппін! Өзі сондай ақылды көрінді!"
Психологтардың айтуынша, Ғаламторда адам шынайы өмірде өзін қалай көргісі келсе, сондай болады. Яғни, ол өз қолынан өзі ұмтылатын образды құрап алады. Махаббат деген тек ақыл-ойдың бір арнада тоғысуы емес, бір-бірін тілсіз түсініп, көзбен ұғу, оның иісіне ғашық болу. Үздіксіз хат алмасудың нәтижесінде бір-біріне бауыр басушылық пайда болып, адамды көрмесең де, оған зәру боп қаласың. Интернетте адамның өзі емес, суреті сөйлейді.
Интернетке бағынышты адамдар көбіне жаратылысынан тұйық, жабық адамдар болып келеді,-дейді психологтар тағы да. Оларға шынайы өмірде қарым-қатынас жетпегендіктен, жеткіліксіз қарым-қатынастың орнын интернеттегі қарым-қатынас басады.
Таңғалдырар дерек: Интернет арқылы танысқан екеу кездесіп, жүре бастайды. Сосын үйленеді. Бірақ, олар көбіне екі бөлмеде отырып алып, интернет арқылы сөйлеседі екен. Әлбетте, адам сенгісіз. Бірақ, виртуалды әлемнің күші деген осы шығар.
*"Шын өмірде саған бұрылып та қарамас едім"*
Интернет арқылы қарым-қатынас жасағанда адамның бет-жүзі екінші орынға ысырылып қалады. Біз күніне жүз адамды көрсек, оның кем дегенде онымен танысқымыз келеді. Бірақ, оны түгілі, бірімен де таныспаймыз. Яғни, өз-өзімізді шектейміз. Ал интернетте шектеу жоқ...
Интернет арқылы пайда болған махаббат қасіретке әкеледі демейміз. Бұдан ешкім аяғын шалыс басып, өміріне қауіп төндірмейді. Ешкім махаббат үшін өз өмірін құрбан етпейді. Дегенмен, Интернет арқылы қарым-қатынас адамның шынайы өмірде өз тағдырын жасауына кедергі болуы мүмкін.
Британия ғалымдары интернет арқылы адамды 3 % ғана білуге болады деп отыр. Ал бетпе-бет қарым-қатынас арқылы адамды 70 %-ға тануға болады.
Әлеуметтанушылар интернетті пайдаланатындардың 50 %-ы виртуалды махаббатты бастан кешіргендер дейді.
Әйтсе де, әркімге арқалай, ал өзім сол виртуальдың бағыныштылардың бірімін...
Интернетті адамға бағынышты қылуының да бір себебі бар. Себебісі адамның шын өмірде өмір сүріп жатпауы дегенге келіп тіреледі. Сондықтан тастайық бұл ауруды, компінің алдына қайта-қайта отыру деген де вредный привычкаға жатады. Ғашығыңды шынайы өмірде мектептің алдында тосып, үйінің қасынан өтіп, бір ғажайып сезімге душар болғанға не жетсін?!
Қиял...Жәй қиял...))
Рахмет..))
Керемет жауап, Жасико! Жарайсыз!:)
+1 дауыс
Виртуалды махаббақа мүлдем сенбеймін!!! Алдамшы сезім...өзін-өзі алдау...
...