+2 дауыс
6.3k көрілді
Психологиядан толық тест тапсырмалары керек болып тұр варианттарымен, дайындалу үшін?

4 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап
1.Психология ғылымының негізін құрушы құбылыс:
A)саясат B)адам болмысы C)адам физиологиясы
D)математика  E)әлеумет өмірі
2. Адамның даму заңдары мен оның жасампаздық мүмкіндіктерін зерттеуші ғылым:
A)философия  B)педагогика C)экология D)социология
E)психология
3. Әлеуметтік процестерді зерттеуді барша гуманитарлық ғылымдар үшін қажетті деректер негізі:
A)философияда B)психологияда C)географияда
D)социологияда E)логикада
4. Психология зерттеууіндегі ерекше құбылыстар ауқымы:
A)саясат мәселелері
B)экологиялық жағдайлар
C)этногеографиялық процестер
D)демографиялық құбылыстар
E)адам ықылас-ниеттері
5. Психологиялық дүниенің бірінші ерекшелігі:
A)әр адамның өзіндік білімі B)өзіндік дағды ептілігі
C)өзіндік көзқарасы D)өзіндік толғанысы
E)өзіндік талғамы
6. Әр адамның өзіндік толғанысы ең алдымен көрінеді:
A)моральдық қатынасында B)іс-әрекетінде C)түйсік сезімінде
D)ойлау қабілетінде E)қимыл-қозғалыста
7. Психологияның ғылыми ерекшеліктерін танудың қиындығы:
A)нақтылығында B)тылсым сыр болуында
C)айқындығында D)көрнекілігінде E)жалпылығында
8. Әр қандай нақты заттың қабылдаудағы кейпі мен заттың өзі:
A)сәйкес B)сәйкес емес C)тіпті ұқсамайды
D)ажыралып тұрады E)айнадағыдай дәл
9. Алғашқы адамдардың жан жөніндегі жалпы түсінгі
A)тәннен ажыралмас құбылысы B)тәнмен бірге сөнеді
C)тәннен уақытша бөлінеді D)тәннен бөлек жасайды
E)тән жасауы үшін жанның қажеті жоқ
10. Ғылымдық деңгейге дейінгі жай психологиялық пайымдалулардың жинақталу көзі:
A)әр адамның күнделікті өз өмір тәжірибесінен
B)ғылымдық деректерден
C) жоспарлы зерттеу негізінде
D)қандайда сыртқы күш ықпалынан
E)оқытудан
11. Психологияның дербес ғылым болып қалыптасқанына:
A)1000 жыл B)400 жыл C)70 жыл D)200 жылға жуық
E)әлі қалыптасқан жоқ
12. Психологияның философиядан бөлініп жаратылстану ғлымдарымен байланыстырыла зерттеу дәуірі:
A)Аристотель мен Әл-Фараби дәуірлерінен
B)18 ғасыр басынан
C)19 ғасырдың соңғы ширегінен
D)20 ғасырдың 30-жылдарынан
E)бастау кезеңі белгісіз.
Көп рахмет сізге тез жауап бергеңіңізге!! Алланың нұры жаусын!!!
+2 дауыс
1. Психологияның пәндік аймағының кемелденуімен орайлас бірінші кезең аты:
A)іс-әрекет жөніндегі ғылым
B)сана туралы ғылым
C)жан туралы ғылым
D)инстроспекттік сана тағылымы
E)психологиялық паралеллизм теориясы
2. Психологиядағы алғашқы теориялардың бәріне ортақ қате түсінік
A)адам жан дүниесі қоршаған орта ықпалында
B)адам сыртқы дүниемен белсенді қатынаста
C)адам болмысын өзіндік сана белсенділігі  айқындайды
D)сан адамаралық қатынастар жемісі
E)қоршаған орта іс-әрекет – сана ажыралмас байланысты
3. Дене әрекетінің жанға ешқандай қатысы жоқтығын алғашқы дәлелдеген ғалым:
A)Аристотель B)Рубейнштейн C)Декарт D) Маслоу
E)Торндайк
4. Психологияға рефлекс және сана категорияларын енгізген Декарт тұжырымы:
A)жан мен тән өзара тәуелді B) жан алғашқы
C) жан мен тән өзара тәуелсіз D) тән-алғашқы
E) жан ми өнімі
5. Декарт тағылымының психологияда алған атауы:
A)субъективизм B) объективизм C) дуализм
D) материализм E) психологиялық параллелизм
6. Жан, сана және іс-әрекет психологиясының кризиске келуінің басты себебі:
A)ғылыми негізінің болмауы
B)эксперименталды зеттеулердің кемдігі
C)капиталистік өндірістің дамуына практикалық тұрғыдан сай болмауы
D)ғылыми аралық байланыстардың  жоқтығы
E)зерттеу нәтижелерінің объективсіздігі
7. Лейпциптегі алғашқы эксперименталды психологиялық лабороторияны  ұйымдастырушы:
A)1960, Торндайк B) 1910, Фрейд C) 1879, Вундт
D) 1930, Крамер E) 1760,Декарт
8. Әрекет қылық психологиясын ғылымға енгізген бағыт:
A)    фрейдизм B) гуманизмC)  когнитивизм
D) бихевиоризмE) прагматизм
9. Саналық психологияның әдіснамалқ негізі:
A)    идеолизм В)сенсуализм C) материализм
D) метафизика E)дуализм
10. Бихевиористік психологияның әдіснамалық негізі:
A) субъектив идеолизм B) дөрекі материализм
C)  интроспектік теория D) психоанализ
E) когнитивизм
Жауаптарын жазып жіберейін бе?
Жоқ,керек емес, сұрақтар мен варианттары болса болғаны.Рахмет сізге де.Тағы болса достар жібере беріңіздерші!!!
+2 дауыс
Психика дамуы. Сана
1.    Психиканың дамуы жөніндегі жалпы көзқарас байланысты
А)діни ұғымдармен В)теориялық заңдылықтармен
С)практикалық қажеттілікпен D)догмалық түсініктермен
E)жеке пайымдаулармен
2.    Антропопсихизм атанған психологиялық бағдарды ғылымға енгізген:
А)Аристотель В)Декарт С)Гербарт D)Гиппократ E)Платон
3.    Психиканың пайда болуын адамның келіп шығуымен байланыстырған психологиялық бағыт:
А)биопсихизм В)панпсихизм
С)антропопсихизм D)нейропсихизм E)фрейдизм
4.    «Панпсихизм» теориясының мәні:
А)психика барша жанды материяның қасиеті
В)психика жүйке жүйеісіне ие болғандарға тән
С)психика адамның келіп шығуымен байланысты
D)психика бүкіл табиғатқа тән
E)психика табиғаттан тыс құбылыс
5.    Тіршілік пайда болуының негізгі шарты:
А)табиғаттан тыс себептер В)жан мен тән тіршілігі
С)күрделі белоктық жасушалар
D)ауа, су, от, ағаш, жер байланысы
E)адамның келіп шығуы
6    Тіршілік негізі-күрделі блоктық молекулалардың ғылыми атамасы
А)синапс В)нейрон С)каоцерват D)рефлекс E)диффузия
7.    Каоцерваттардың зат алмасу процесіне себепші әсерлерді сезу қасиеті
А)сезім В)тітіркену С)қабылдау D)ойлау E)диссимиляция
8    Тітіркену бұл-
А)құбылыстарды тұтастай бейнелеу
В)барша мәнді биологиялық әсерлерге жауап беру
С)барша өлі дүниеге тән құбылыс
D)тек адамға ғана тән құбылыс
E)саналы бейнелеу
9    Тітіркену процестерін негізгі сипат етіп алған өмір кезеңі
А)жәндік-жануарлар дүниесі В)өсімдіктер дүниесі С)жербауырлаушылар дүниесі D)омыртқалылар дүниесі
E)сүтқоректілер дүниесі
10    Жәндік-жануарлар дүниесі кезеңіне сай психикалық құбылыс
А)сезім В) қабылдау С) тітіркену D)ойлау E)сөйлеу
11    Әрекет қылықтың жеке дара өзгермелі ормаларын қалыптастыруға негіз болған психикалық құбылыс:
А) қабылдау В) тітіркену С) сезім D) ойлау E) сөйлеу
12    Өзгермелі әрекет-қылықтың қалыптасуын алғашқы зерттеген ғалым:
А)Павлов В)Сеченов С)Брамштедт D)Декарт E)Гиппократ
13  Көпжасушалылар деңгейіне көтерілуімен пайда болған жүйке жүйесі
А)орталық жүйке жүйесі В)торлы-тармақты жүйке (диффузды)
С)нүктелі жүйке (ганглиозды) D)ми E)жұлын
14    Ганглиозды жүйке жүйесінің қызмет принципі:
А)жүйке тобы бір нүктелі орталыққа байланысты
В)бас миына байланысты
С)жұлынға тәуелді
D)әр жүйке өз алдына (диффузды)
E)жүйкені керек етпейді
15    Ес (жад) қасиетінің белгілері нышан берген тіршілік кезеңі:
А)каоцерваттар В)өсімдіктер С)жәндік-құрт D)сүтқоректілер E)приматтар
70    Жәндіктер қылығының тумадан беріліп, ұрпақтан ұрпақа берілу қасиеті
А)сезімдік В)инстинкт С)дағды D)интеллект E)саналық
16    Инстинктік деңгейдегі болмысты бейнелеу
А)тұтастай бейнелеу формасына ие
В)түйсіктік формаға ие
С)саналы қабылдау формасына ие
D)сөздік логикалы формаға ие
E)абстракт ойлау қабілетіне ие
17    Сезімдік психика кезеңіне тән процесс
А)қабылдау В)түйсіну С)саналы ойлау D)сөзді өрнектеу
E)әрекетпен бейнелеу
18    Жануардың жеке ауыспалы әрекет формаларын қажет еткен өмір кезеңі
А)молекулярлық  В) өсімдік С)су сферасындағы өмі D)құрлықтағы өмір E)интеллекті дүние
19 Жануардың жеке ауыспалы әрекет формаларын іске асырушы жүйке
А)арқа миы В)бас миы С)диффузды жүйке D)ганглиозды жүйке
E)торлы-тармақты жүйке
20    Бас миының ең төменгі қабатының қызметі
А)сөйлеуді басқарады В)жүріс-тұрысты басқарады
С)эмоцияларға ықпал етеді D)ақыл-ой әрекеттерін реттейді
E)организмнің ішкі тума қалпын реттейді
Сізге де көп көп рахмет.Қаламқас!!!
0 дауыс
Жауаптары қайда
...