0 дауыс
328 көрілді
Медицина  орталықтарын  жарнамалайтын  газеттен  оқыдым,  адамның  үлкен  дәреті  шығатын  ішек жолында 6,5-7 килограмға  дейін  қалдық (шлак)  болады  екен.   ОЛ ішек  коптеген ішінде  қыртыстар дан  (склад)  тұрады. Неше  түрлі  ауруларды туғызатын  да  сол  қалдықтар, денеге, бетке  шығатын  сепкілдер де,беттегі  әжімдер де, шаштың  түсуі де, тырнақпен  бірге  шығатын  өлі еттерде  қалдықтардың  тікелей  әсерінен  пайда  болады.  Адам  көп  нәрсені  біріне  соң  бірін  жесе  асқазаны  ауырады және  кейде  үлкен  дәрет  апта  бойы  жүрмей  қалатын  кездер  болады,соның  салдарынан  бүйрекке  тас  жиналады.  Сондықтан     адам  баласына  ораза  ұстауды  алла  тағалла  парыз  етіп  берген  екен.   Сол  қалдықтарды  болдырмас  үшін,  адам   сұйықты  көп  ішіп  тұруы керек.  Дегенмен  адам баласы  жеген  тамағының  мөлшеріне  қарай күш  жұмсағаны  дұрыс.  Сіздер  өз  денсаулықтарыңызды  қалай  күтесіздер?  Өзіңіздің  ішкі  организміңізде  болып  жатқан  жағдайлар  өзіңізді  толғандыра  ма?  әлде  оны  ойлауға  уақытыңыз  жоқпа ?Бір  жеріңіз  ауыра қалса  дәрігерге  бірден  барасыз ба?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Жақсы сұрақ. 6,5 -7 кг. артық сияқты...бірақ, болатынына сенімдімін. Денсаулығымды күтем дейтіндей күн сайынғы денсаулықты күту жолындағы белсенді әрекеттерге бармаппын. Әйтеуір, тіршілігімді жасап жүрмін. Денсаулығымды күтуде .....:
Салауатты өмір салтын ұстануым;
Жеткілікті ұйқым;
Көп қимылдауым;
Оптимистік бағытты ұстануымды  айта аламын. Денсаулық мәселесінде кіржің келтірердей факторлардан аулақпын. Ауырмайтын жол іздеп әлекпін. Дегенмен, күтім қажет. Ал ағзамдағы "тіршілік" толғандырмапты. Алайда ай сайынғы медициналық тексерісті артық көрмеймін. Денсаулық дегенде уақыт та жайына қалар...Сондықтан уақытымды, басқа да жайттарды сылтау қылып Денсаулығыма мән бермей қоюды болдырмаймын. Бір жерім ауыра қалса, ауру дәрежесінің төмендігін ескеріп, үй емін қабылдаймын. үй емі көмектеспесе, Дәрігер атаулы  таптырмас Көмекшіге қараламын. Дәрумендерден ауыз тиюге мұршам жеткілікті. Таза жеміс-жидектен қашқан емеспін. Сондықтан, Аллаға мың да бір шүкір. Тойларда кез - келген тост "ЗОР ДЕНСАУЛЫҚ ТІЛЕЙМІН"-сіз өтпесі анық. Стереотипті бұзайын........ Күнделікті күні, әр кезде, барлық жерде, өміріңіздің барлық сәттерінде, әрбір уақытыңызда деніңіз сау болсын....  ЗОР ДЕНСАУЛЫҚ СІЗДЕРГЕ!!!!
...