Отандық өндірем деуші кәсіпкерлерді салықтан үш жылға босатар едім. Себебі олар тұрақтылық тапқанда ғана, елде тұрақты салық төлеуші болар еді. Бір сөзбен айтқанда артқа шегініп тұрып, ұмтылып алдыға секіру сияқты жасалған дұрыс қадам болар еді.
Халықтың көңілінен шығу мүмкін емес, бірақ қоғамда өмір сүруге бірінші қажеттіліктерге мүмкіншіліктерді ұйымдастыру, бірінші міндетім деп түсінер едім.
Жемқорларды бес жылдан он жылға дейін қамауды қалыпты жағдайға айналдырар едім. Мысалы заңды жазатындар , егер бұзатын болса да кешірім жоқ.
Биліктік, биліктік емес барлық қазақстандықтарды айнадай ашық болуға шақырар едім (прозрачность), үкіметтіктер жарты жылда ашық онлаин кездесулер өткізуге міндеттер едім. Жындының да сандырағына заң жүзінде жауап бергізу.
БАҚты үкімет есебінен қаржыландырудан алып тастар едім, себебі себеп көп оған... ;)