+2 дауыс
59.0k көрілді
1.Химия ғылымы химия пәнінің бастауы

Химия пәні заттарды, олардың қасиеттерін, басқа заттарға айналып түрленуін қарастырады.

Химия пәні химия ғылымынан бастау алады, оның жетістіктеріне сүйенеді және осы жетістіктері химия пәнінің мазмұнын құрайды. Химия ғылым ретінде ХІХ-ХХ ғасырларда қалыптасып, өзінің басты ұғымдарын ұсынып, заңдарын ашты. Химиялық ұғымдар мен заңдар химия ғылымының, химия пәнінің теориялық негізі болып саналады.

2.Химия пәнінің басты міндеттері

Химияның басты міндеттерінің бірі- заттардың қасиеттерін зерттеу мен қоса, оларды адам игілігіне жұмсау, ауыл шаруашылығында, өнеркәсіпте қолдану мүмкіндіктерін анықтау. Әрбір затты пайдаға жарату үшін, оның қасиетін жан-жақты зерттеу қажет. Мысалы, таза магний оңай тұтанып, жарық шығарады. Осы қасиетіне орай оны фотосуретке түсіргенде жарқыл шығару үшін қолданған.

Адамдар заттарды ертеден ақ өз қажетіне жаратқан. Біздің ата-бабаларымызда табиғатта кездесетін асыл тастардан әшекейлік бұйымдар жасаған. Ал алаботаны өртеп, оның күлінен сақар алған, оны малдың майына қосып, сабын шылаған. Тотияйынды, ашудасты, сынапты дәрі-дәрмек ретінде пайдаланған.

Химияның басты міндеттерінің қатарына табиғатта кездеспейтін жаңа заттарды қолдан синтездеп алу жатады. Химиялық жолмен көптеген жасанды жаңа заттар алынып, олар шаруашылықтың сан түрлі саласында, күнделікті тұрмыста кең қолданылады. Солардың қатарында өздеріңе таныс пластмассалар, синтездік талшықтар, тыңайтқыштар, дәрі-дәрмектер, бояулар бар. Химия техниканың өркендеп дауыныда да, адамдардың тұрмысының жақсаруына да зор үлес қосады.

Химия пәнін қызығып, ынтамен оқып, тәжірибелер жасап үйреніп, білімдерің молайған сайын табиғаттың көптеген сырларын, күнделікті көріп жүрген заттардың қасиеттерін, олардың ерекшеліктерін терең түсіне бастайсыңдар. Заттың табиғатын танымай, қасиеттерін жете анықтамай тұрып қажетке жаратса, оның пайдасынан зияны көп болуы мүмкін. Химиялық закттарды орынды пайдаланбаса, олар қоршаған ортаны ластап, адамдар, жануарлар және өсімдіктер тіршілігіне зиянды әсерін тигізеді.

Химия адам өміріне жан-жақты араласып, жылдан-жылға маңызы арта түсетіндіктен, оны оқып-үйрену әр шәкіртке болашақта өз пайдасын тигізетіні анық.

Химия-заттарды, олардың қасиеттерін, соның ішінде олардың өзара айналуларын зерттейді. Заттар дейтініміз- денелерді құраушылар. Олар бір-бірінен өздеріне тән физикалық және химиялық қасиеттерімен ерекшеленеді.

Химияның міндеті-заттарды қолдану үшін қасиеттерін айқындау, адамдардың сұранысына қажет жаңа химиялық заттар алу, табиғи қорларды орынды пайдаланып, қоршаған ортаны қорғау.

2 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап

Химия – заттарды және олардың бір-біріне айналу заңдылықтарын зерттейтін жаратылыстану ғылымы..
Химияның міндеті - заттарды қолдану үшін қасиеттерін анықтау, адамдардың сұранысына қажет жаңа химиялық заттар алу, табиғи қорларды орынды пайдаланып, қоршаған ортаны қорғау.

0 дауыс

Химия ғылымы заттардың құрылысын және заттардың өзара реакцияға түсуін зерттейді. Химия термині араб тілінің қара, қаралау деген сөздерінен шыққан.

Заттар

Табиғатта сан алуан заттар бар. Заттар бұл денелерді құраушылар. Мысалы қасық темірден не пластмассадан жасалуы мүмкін. Темір де, пластмасса да зат.

Әрбір заттың өзіне тән белгілері бар болады. Мысалы су түссіз әрі иіссіз, ал сүттің иісі де дәмі де бар. Заттардың өздеріне тән ерекшеліктері бар болады, бұны заттардың қасиеттері деп атайды. Кейбір заттардың бірдей не ұқсас қасиеттері бар болады.

Химия ғылымының мақсаты

Химия ғылымының мақсаты - заттарды, оларың қасиеттерін, бір заттың басқа затқа алмасуын зерттеу.

Химияның тағы бір мақсаты бұл жаңа заттарды алу. Қазіргі қолданыстағы сан-алуан пластмасса түрлері осы химия ғылымының жетістігі.

Химия ғылымының қолданылуы

Химия ғылымының өнеркәсіпте қолданысы сан-алуан, химия әдістерінің көмегімен - металдарды кеннен өндіреді, азық-түлікті сақтау мерзімін арттырады, киім тігетін синтетикалық маталарды өндіреді, бояғыш заттарды өндіреді, бензинді мұнайдан бөліп алады, резинаны мұнайдан синтездейді, пластмассаларды өндіреді, тағы сол сияқты.

Бұл заттарды алуда химия ғылымының рөлі зор.

Химия пәні

Химия пәні химия ғылымын оқытудың, білудің басы. Мектепте оқылатын осы пәннің көмегімен сіз химияның негізгі ұғымдарымен танысасыз. Кейін білімдеріңді университеттер мен колледждерде жалғастыра аласыз.

Қазіргі заманда 15-20 миллиондай зат ғылымға белгілі. Осы заттарды зерттеу химияның негізгі мақсаты.

...