0 дауыс
1.0k көрілді
Қандай мамандықтар бар осы салада?Өтінемін іздеп тауып бересіздер ме?Сіздердің айтқандарыңызға жүгінейін

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
География пәнін таңдай отырып сіз мынадай мамандықтарға бара аласыз:
Құқық және экономика негіздері
География(мұғалімдік)   
Кәсіптік оқыту   
Экономика   
Менеджмент   
Есеп және аудит   
Қаржы   
Мемлекеттік және жергілікті басқару   
Маркетинг   
Статистика   
Әлемдік экономика
Қоғамдық байланыс   
Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету   
Еңбекті ұйымдастыру және нормалау    
Гидрология   
Метеорология   
Геодезия және картография   
Су ресурстары және суды пайдалану   
Туризм   
Әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету    
Әлеуметтік жұмыс   
Кадастр   
Бағалау   
Логистика (сала бойынша)   
Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі
мәәә мамандық көп екен ғой)бұдан кейін географияны одан бетер жақсы көре түстім,рахмет!
+1 дауыс
*Экономист,бухалтер, финансист..(тағы...есіме түспей отқаны)*
+3 дауыс
5B011600 – География
Біліктілік пен қызмет аясы. География мамандығын бітірушілерге география бакалавры біліктілік дәрежесімен бірге орта мектеп мұғалімі лауазымы беріледі.
Кәсіби қызмет түрлері: білім беру: жалпы орта білім беру, орта кәсіптік оқу орындарында  мұғалім (оқытушы) ретінде;
тәрбиелеу: қосымша білім беру педагогы, әдіскер, бөлім меңгерушілері және т.б. мектептен тыс оқыту орындарында, экологиялық және мектептік өлкетану үйірмелерінде;
ғылыми-зерттеу: ғылыми-зерттеу, академиялық институттарында және жоғары оқу орындарында кіші және аға ғылыми қызметкер;
жобалау (проектілеу): инженер ретінде проектілеу институттары  мен ұйымдарында, кеңесші консультант, картография редакторлары және т.б. ретінде.
сараптау (эксперттеу): табиғатты қорғау, табиғатты тиімді пайдалану, халықтың орналасуы мәселелері бойынша эксперт ретінде;
өндірістік: табиғат ортасындағы мониторинг жүйесінде инженер ретінде, табиғатты қорғау ұйымдарында қызметкер ретінде, туристік-өлкетану және экологиялық т.б. ұйымдарда;ұйымдық-технологиялық: өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым нысандарында және т.б.
...