0 дауыс
452 көрілді
Өткен күн - ұшқан құспен тең? Өмірге қажетті 4 фактодың ең маңыздысы - уақыт. Ал, сіз, алтын уақытыңызды неге жұмсайсыз?

2 жауап

+2 дауыс
Алтын уақытымды Отбасыма;  :)
Алтын уақытымды пайдалы Іске; :)
Алтын уақытымды Денсаулығыма; :)
Алтын уақытымды Қызығушылық пен Қажеттіліктеріме; :)
Алтын уақытымды тыныштыққа жұмсаймын. :)
...әттең, алтын уақытым шексіз уақытқа айналмайтынын-ай....(((
айтпақшы, өмірге қажетті 4 фактор дедіңіз ..алдыңғы үшеуі қандай ? )
2.денсаулық, 3.білім 4. ақша
рмт. "Махаббат" қайда ? )
Дұрыс айтасыз, мен ол жайлы ойламаппын))
сонда 5 фактор болғаны ғой. ))))))
:жымидым:
0 дауыс
*Адам өз уақытын босқа өткізбеу керек. Әйтпесе бос жүріс пен пайдасы жоқ жандардың қатарын көбейтеді.Әр адам өз уақытын өзіне де айналасына да пайда келтірер іске арнағаны дұрыс болар.
Уақыт-ешқандай ақшаға да,байлыққа да ауыстыра алмайтын асыл мүмкіндігіміз. Уақыттың босқа өткендігіне тіпті ұлы Абайда қынжылыс білдірген. Ғылым мен оқуға жастығымды арнай алмадым деп өкінді. Ал сіз не үшін өкінер едіңіз алдағы күндері? Біріңіз бір жан үшін босқа өткерген күндер үшін,біреуіңіз отбасына не болмаса өзіне қымбат адамға лайықты уақыт бөле алмағаныңызға өкініп қаларсыздар. Сондықтан уақыт мүмкіндік беріп тұрғанда жаныңызға жақын жандарға көп көңіл бөліп,қиында қыстау кездері жанынан табылыңыздар.
Күндегі асығыстық ешқайда апармайды.Бір сәтке уақытты тоқтатқандай болып ой елегінен өткізіңіз. Не үшін асығып барасыз? Жұмыс па?Жұмыс ешқайда да қашпайды,сені әрдайым күтіп тұрады. Шаруа? Шаруада сенің асығыстығыңнан бітпейді,жол таба біліп,ыңғайын таба алсаң шешіледі. Асығыстық-шайтан ісі. Асығыстық жүрген жерде әр істе берекетсіздік жүреді,сол себепті ісің оңалмайды.Тиімді пайдаланылған уақыт ертеңгі күніңе деген сенімділік. Жастық шақта қыдыру мен қызықты көріп қалу керек деген тайыз ойдан арылыңыздар. Себебі дүниенің қызылды-жасылды қызығына бір берілсең одан ешқашанда арыла алмайсың. Көзтоймаушылықты бір уыс топырақ тойдырса,дүниенің қызығынан тек өлер алдында ғана арыла аласың,ал ол өте кеш.
Адам болып бұл өмірге келгенімнің мақсаты не,мұраты не деп ойланыңыз. Мақсатыңыз саналы адам болып өмірге келген соң,оқып-тоқып,көріп-шоқып,біліп-үйреніп,жығылып-қайта тұрып,қателесіп-түзетіп,танысып-білісіп,бір-бірін сүйісіп-үйленіп,ойланып-толғанып,тырысып-талпынып,ойланып-толғанып,көргенді үйретіп-білгенді сүйретіп,қартайып-ойланып өмірдің мұратын өтеу.
Кейде адам болғасын ойланасың,неге бүйтпедім екен,неге кезінде сөйтпедім екен деп. Алайда өткен істен келер жоқ дегендей өкінудің қажеті жоқ.Өткен іс өтті,оны қайтару пенденің қолынан келмейді.
Нені істемедім екен деп өкінбеңіз,нені істей алам деп ойланыңыз.*
Сіздің пікіріңіз өте орынды оқу, жұмыс, бизнес деп өмірдегі ең маңызды нәрсенің не екенін де ұмытып кететін кездерім болады. Ағайыннан алыстау, жақындарыңның жан жылуын сезінбеу, осының бәрі уақыттың құлы екеніңді танытады. Тіпті жеке өмірімді де ұмытып кеткендеймін. Алдағы кезеңде уақыт менің құзырымда болады деген ойдамын, жауабыңызға көп рахмет)))
Оқасы жоқ,бір пайдамыз тигеніне қуаныштымын. Бұл жерде енді бәріне бірдей айту керек қой.Барша осы жауабымды оқыған жандар,уақытымызды бағалайық...
...