0 дауыс
Ішінде осындай сөздері бар Мақсат Базарбаевтің орындауындағы осы әнді тауып бере қойсаңыздар екен? Сөздері дәл осындай ма, шатасып тұрмын....
26.04.2012 1.5k қаралым

1 жауап

+1 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Аққуым           

 

*с. С.Жиенбаев
ә. М.Маңғытаев*

Құштар еді гүл-көктемнің лебіне
Көктемменен бірге еді оның демі де
Әлденеден кетті мен екен шошынып
Аққу-құсым оралмай жүр көліне
Әлденеден кетті мен екен шошынып
Аққу-құсым оралмай жүр көліне

Көктемге еріп, көк шалғынды белеңмен
Құстар ағып келіп жатыр өлеңмен
Батар күннің шұғыласына малынып
Жалғыз аққу өтпеді ме төбеңнен
Батар күннің шұғыласына малынып
Жалғыз аққу өтпеді ме төбеңнен

Ақ нұр еді, балғын еді өзі де
Жолықтың ба налып жүрген кезіне
Айдын көлде жаутаңдаған жанары
Жалғыз аққу түспеді ме көзіңе?
Айдын көлде жаутаңдаған жанары
Жалғыз аққу түспеді ме көзіңе?
26.04.2012
ОООО үлкеен рахмет! Тек, мр3 үлгісін деп жазуды ұмытыппын. Тауып берші, гуглдетіп таба алмай-ақ қойдым)
қазір іздеп көрейін)))
127,958Сұрақ
322,879Жауап
153,169Пікір
72,987Қолданушы