+4 дауыс
237 көрілді
Құрметті қолданушылар!!! сіздерден өтінерім сұрақ қойғанда немесе жауап жазғанда латын әріптерімен жазбайық, өзімізге түсінікті мектепте оқытқан қазақша жазайық, әйтпесе Өзбектерге еліктегендей.... әрине көбі ұялы телефон арқылы жазғанда латын әріптерін қолданатын шығар, бірақ компьютерде жұмыс жасағанда қазақша әріптерді қолдануға болады ғой және де ұялы телефонның таралғанына көп болмады ғой осынау аз уақытта оған дейін алған білімдеріңді ұмытып алмаған шығарсыңдар.... себебі сұрақты немесе пікірді оқығанда көз ауырады және ой бөлініп кетеді.  Қазақ тілі қазақ тілі деп босқа шарық ұрғанша осындай қарапайым қолдауды жасайық................

P.S. Админге сайттың көркін бұзатын бұндай жауаптармен сұрақтарға бір шара қолданылса екен....

4 жауап

+3 дауыс
Дұрыс, орынды ескерту!!
+3 дауыс
оқуға да ыңғайсыз, ол сұрақты табуға да қиын
+3 дауыс
Орынды!!! Дұрыс!!!
0 дауыс

Олар ұялы телефонмен жазатындықтан деп ойламаңыз. Себеебі, бұл сайтқа ұялы телефон арқылы жаза алмайды. Олар компьютермен отырса да солай істейді. Мен де қазақша жазыңдар деп қанша рет айтып келе жатырмын.

кешіріңіз.... бұл сайтқа телефонмен кіре алмайтынын білемін......

әрине көбі ұялы телефон арқылы жазғанда латын әріптерін қолданатын шығар,

бұндағы айтпағым көбіне неге қазақша әріппен жазбайсың деген сұраққа телефонда смс жазғанда латын әріптерін қолданамын  сондықтан латын әріптерін қолданған тиімді және қазақша жаза алмаймын деген жауап алып келемін... сондай жауап алудан сақтанған түрім ғой.......

Ұқсас сұрақтар

...