+3 дауыс
1.3k көрілді
Мен бір түс көрдім бұл не болғаны? Әдеттегідей күнделікті кешке жаттым. Ұйқым келмей мазам қашты. Жамылғышты жамылсам ыстық жамылмасам салқын болды. Сәлден кейін көзім ілініп ұйқыға кетіппін. Бір шама уақыттан кейін оянып кеттім. Тұрсам үсті-басым жатқан жерiм барлығы малмандай су(терлеген екенмін). Содан соң киімімді, төсек-орнымды ауыстырып қайта жаттым, ол кезде сағат 2:25 болды. Түс: Сәл уақыттан кейін анам менің бөлмеме кіріп келді. Мен бірдеңенi сезгендей болдым.
-Анашым, дедім
-иа
-қасыңызға жатсам болама?-дедім жауап жоқ. Әдетте анам маған бұлай істемеушi еді. Гүбірлеп бірдеңелер айтты. Мен бірден білген едім ол менің анам емес анамның бейнесіндегі әзәзіл екенін. Сол жерден қозғала алмадым, дуалап тастағандай(осыдан кейінгісі есімде жоқ). Өзімнен бір жас кіші қарындасым үстімнен аттап жоғар жағымда тұр(ол да адам бейнесінде). Мен оның аяғынан ұстап жібермедім. Дым әлім жоқ екен. Қозғалған сайын қуатым өзіме қайта келгендей болды. Бар күшімді жиып тұрдым. Оны өз ырқыма көндіріп, анамның бөлмесіне беттедік. Бөлмеге кіргенде іші деген шашылып жатыр. Оны бір бұрышқа отырғызып қойдым да бөлмеге көз жүгіртіп қарап шықтым бар жоғы 2,3 сикунт. Қарасам ол орнында жоқ ғайып болып кеткендей. Бірақ менің бөлмемде жүр екен. Түр-түсі суық болатын екеуініңде. Олар маған ешнәрсе істей алмайды, менде ешнәрсе істей алмайды екенмін. Бірақ мені өлтіргісі келгенін байқадым. Осы жерден оянып кеттім. Бұл тұсті бұрында да көргенмін. Сағатты қарасан 2:33 екен, осының бәрі 8 минут ішінде болған ал маған 3,4 сағат өткендей болды. Сонда бұл не болғаны?

8 жауап

+6 дауыс
 
Жақсы жауап
Жатарда дәрет алып,Нас,Фалақ ,Аятул күрсіл сүрелерін оқып жат немесе Бақара сүресінің ең соңғы аятын.Түс садақа бер,жалпы дұға оқып жүрген дұрыс сияқты.Түс жаман емес,дінге бет бұр деп тұрған сияқты.
Жақсы жауап! Менде осыны байқадым. Яғни 'дін' жолына қайта оралуды.
+1 дауыс
"Түс түлкінің ..."-дейді қазақтар,шыли ырымшыл бола берген де дұрыс емес. Көзі ашық, сауаты бар адамға не болса соны көңілге ала беру дұрыс болмас негізі. Жатарда ужас кино көрген шығарсың.
Жоқ. Мен ужас киноны сонғы рет қашан көргенім есімде жоқ. Дұрыс айтасың Жако қазақ деген ырымшыл халық. Мен бірақ ырымдарға мән бере қоймаймын.
+1 дауыс
Түсiңде өлтiрейiн деп жатса,көп жасайды екенсiн.ТҮС түлкiнiң боғы емеспе...
Айдос айтқаның келсін. Бірақ ұзақ өмір сүру дұрыс емес деп ойлаймын (әрине тағдырдың жазуына байланысты). Себебі, қартайғаннан кейін адамнан қуат кетеді. Әркімге масыл болып мазасын алғым келмейді. Басқаларға жеп көрінішті болғанның несі жақсы. Әжемде айтатын атама
-осы қақпас тез кетсе жақсы болар еді, мен кетіп қалсам оған кім қарайды-деп айтатын, бала-шаға немере-шөберелері көп болсада.
Себебі, қартайғаннан кейін адамнан қуат кетеді.-дейсін.Сен оны қазіргі қарияларға қарап айтып тұрсың,Ал біз қартайғаншааааааа....спортпен үнемі шұғылданып жүрсен онша күш-қуатын кетпейтін болады))))))))))))
Бақытжан, ұзақ өмір сүру дұрыс емес пе?! Зейнетақың арқылы ұл-қыздарыңа көмектесіп, өмірден көрген-білгендеріңмен бөлісіп, ақылыңды айтып, бала-шаға, немере-шөберелеріңнің қызығын көргенге не жетсін, шіркін?!
+2 дауыс
Анаңның жанында жататының қызық екен бәрінен:)
Ал тус жору дегенге сенбеймін өз басым. Жай ғана шаршап, бірдеңеге қобалжып жүрген шыгарсың.
Марсейлле енді мен түсімді басқара алмаймынғой. Бірақ сеніңде сөзіңнің жаны бар. Барлықтарыңызға рахмет!
+1 дауыс
Негізі сен түсінді бұлай жұртшылыққа жария қылып жорытпа!Менің бұрын молда болған атам болған,сол менің мамама айтатын "түсіңді ешкімге айтпа"деп сол сияқты,сосын түсіңді жорытқын келіп бара жатса жақсы жаққа жорытин жақсы адамдарға жорыт,әжеңе немес атаңа айтып.Мен сөйтем,маған әжем ешқашанда түсімді жаман жаққа жорытып көрген емес.)
+1 дауыс
Кез-келген түсті жақсылыққа жору керек.
Келесіде қорқынышты түстер көрмес үшін, жататын жерің таза болғаны дұрыс. Сосын "Бисмилляхи рахмани рахим" деп оң жағыңмен ұйықтаған жөн)
0 дауыс
Қандай қорқынышты, кәдімгі көз алдыма келіп отыр, туу енді мен қалай ұйықтаймын.Ондай шым-шытырық түстерді бұрын жиі көруші едім.қазір жатар алдында не ойласам, соны көремін.Демек, барлық мәселе біздің ойымызда, жақсы нәрсе ойлап ұйықтаңыз!
0 дауыс
мүмкін бұл басырылу болар,менде  кейде бастырылам ияғни ұйқыдан ояна алмай жатам сөйлегім,қозғалғым келеді бірақ бір күш мені қозғалтпай ояна алмай қалам,ішімнен сөйлейм ояу жатқандай болам бірақ аяқ қолым бәрін бірдеңе жібермей төмен қарай тартып журегім қатты соғады ,оянғанда кәдімгідей шаршап қаласын қатты қорқасын

Ұқсас сұрақтар

...