Муахахах, мысық көрмеген жабайы!
Мысықты бағуда уайымдаудың қажеті тіпті шамалы. Өзі әлі кішкентай болған соң осы бастан тәрбиелеген жөн. Мысалы, ол дәретке отырғысы кесе үй ішіне коробкага топырақ салып, бір бұрышқа қою керек. Содан ол соған дағдыланады да, ал сен оны бірте-бірте есік жаққа жылжыта бер, оңында есік сыртына қоятын болсаң сырқа шыққысы келсе есік түбіне барып мияулайды. Есікті ашып, шығарып жіберсең қайтып келерде есік түбінде тағы мияулайды, кіргізесің. Ашпай қойсаң терезеге кеп тоқылдататыны бар))) менің мысығым содай. Ал тамақтандыруға келсек, онда да солай, таңертеңгісін вискас бермей жәй ғана сүтті жылы күйі бер, ішеді. Ішпесе, кетіп қал. Ал одан кейін сүт бермей вискасыңды бере бер, тек қасына сумен бер, шөлдегенде ішеді. Сосын мәңгі солай тамақтандырмай өзің не жесең оған да соны беріп үйрет. Сонда уайымдамайсың. Менің бір мысығымды жазда огурецке үйреткенім бар, содан кейін ол еттен гөрі огурец, помидор жейтін болды, ғырт-ғырт етіп огородқа барып жей беруші еді))) Егер мысығың дастарханға шыға берсе, басынан бір ұрып қой, болмаса жәй сөзбен дастарханды басуға болмайтынын, рұқсатсыз шығуға болмайтынын ескер, ол тіліңді алады. Бірақ, өзің жоқта арам ойын іске асырып жіберетіні бар)) Енді жуындыру дегенің тіпті орынсыз. Күн ыстықта күн көзінде бір шомылдыр, болды. Шомылдырып үйретсең ол соған үйреніп алады да, қашан шомылдырмайынша жүре береді тазаланбай. Мысықтар өздері жуынып, тап-таза болып жүреді ғой, сол үшін жуындырмағаның жөн, ерелетіп аларсың.