Мойынқұм – Бетпақдаланың солтүстігінде жатқан құм. Сарысу өзенінің сол жағалауында. Абсолют биіктігі 200 – 260 м. Батыстан шығысқа қарай 100 км-ге созылып жатыр, ені 25 км-ге жетеді. Ауданы 1670 км2. Солтүстік-шығыс бөлігіндегі төбешікті қырқа құмдардың биіктігі 5 – 10 м, кей жерлерінде ол 15 – 20 м. Мойынқұмда теріскен аралас еркекшөп, жүзгін, қоянсүйек, құмсағыз, қаңбақ, құмаршық өседі