Жалпы сұрақ | 1.5k қаралды
1.5k қаралды

2 жауап

Шынында да өте орынды сұрақ екен. Менің ойымша қазіргі, жастардың иманға деген көзқарасын, жақсы немесе жаман деп бір-ақ ауыз сөзбен түйіндей салу қателік болар еді. Оған бірден бір себеп, біздің өмір сүріп отырған заманымыз, қоршаған ортамыз және де мемлекетіміздің ұстанған саясаты дер едім. Осы аталған факторлар жалпы ислам дінінің елімізде таралуына, жүректен иманның орын алуына өз ықпалын тигізері сөзсіз. Ал,енді сіздің сұрағыңызға нақтырақ жауап берсем. Соңғы кездері намаз оқитын немесе оқуды ниет қылып,жаман әдеттерін тастап исламға бет бұра бастаған қыз бен жігіттеріміз көбейіп келеді. Әрине ол көңіл қуантарлық нәрсе. Қай жердегі мешіттерге барсаңызда, жастар санының едәуір көбейгенін байқайсыз. Бірақ, өкініштісі сол түнгі клубтар мен сауық сайран кештеріндегі жастарымыздың саны мешіттердегіге қарағанда 10 есе асып түседі. Сізге бір қарапайым мысал келтірейін, айталық көшеде келе жатырсыз жан-жағыңызға қарайсыз, неше түрлі адамдарды көресіз. Енді сізге сұрақ сол көрген адмадарыңыздың арасынан хиджап киген намазхан қыздар көп кездесе ме әлде Dolce & Gabana киген зинақор қыздар көп кездесе ме? Қолына тәсбих ұстаған намазхан жігіттер көп кездесе ме әлде Темекі шегіп тұрған жігіттер көп кездесе ме? Осы сұрақтардан өзіңіз қортынды шығарып, іздеген сұрағыңыздың жауабын табатыныңызға сенімдімен... Иншаллаһ аман - сау болыңыз, басыңызда бақытты күндер көп болып, сіз де жаман әдеттерден аулақ болыңыз...
Жақсы Жауап
"Көрген адамдарыңыздың арасынан хиджап киген намазхан қыздар көп кездесе ме әлде Dolce & Gabana киген зинақор қыздар көп кездесе ме? Қолына тәсбих ұстаған намазхан жігіттер көп кездесе ме әлде Темекі шегіп тұрған жігіттер көп кездесе ме? Осы сұрақтардан өзіңіз қортынды шығарып, іздеген сұрағыңыздың жауабын табатыныңызға сенімдімен..." деген сөздеріңіз маған түсініксіздеу болып тұр. Сонда Dolce & Gabana киген қыздардың барлығы зинақор қыздар ма??? Темекі шегіп тұрған жігіттердің барлығы жаман ба???
қазір әр нәрсеге сену де қауіпті.
118,044 сұрақ
304,437 жауап
153,311 пікір
66,345 қолданушы