0 дауыс
23.2k көрілді

5 жауап

+2 дауыс
Қандай принтер жайлы керек сізге ?
0 дауыс
Принтер (Printer) - 1) баспа құрылғысы; 2) Windows NT жүйесінде — баспа құрылғысы мен қолданба арасындағы программалық интерфейс.
Принтер (ағылыми prіnter) — мәтіндік не графиктік ақпаратты қағазға, пластикке шығаруға арналған құрылғы, ЭЕМ-ның ақпарат басып шығаруға арналған перифериялық құрылғыларының бір түрі. Баспа таңбаларын басу әдістеріне қарай Принтерлер матрицалық, сия құюшы ағыстық, (струйный), лазерлік, жарықаласыдиодтық, жылулық, сублимац., т.б. болып бөлінеді. Принтердің негізгі техникалық сипаттамаларына оның айыру қабілеті, басу жылдамдығы, материалдардың шығындылығы, фото басу мүмкіндігі, т.б. жатады. Айыру қабілеті бір дюймге келетін нүктелер санымен (қысқаша dpі) анықталады. Ағыстық П-лерде бұл шама 600 dpі-ден 4800 dpі-ге дейін, кейбір модельдерде одан да жоғары болады. Лазерлік, жарықаласыдиодтық принтерлердің айыру қабілеті әдетте 600 — 1200 dpі болады. Шығындылығы мен басу жылдамдығы жағынан лазерлік және жарықаласыдиодтық принтерлер ағыстық принтерлерден тиімдірек. Матрицалық принтерлердің шығындылығы аз болғанымен, басу сапасы, жылдамдығы жағынан жоғарыда айтылған принтерлерден нашар.
+3 дауыс
Принтер (баспа құрылғысы) мәтіндік және графикалық
мәліметтерді компьютердің жедел жадынан қағазға басып
шығаруға арналған. Ол рулон қағаз түрінде де, парақ та бола
береді.
Принтерлердің негізгі артықшылығы - олар көптеген қаріп
түрлерін пайдаланып, күрделі мәтіндерді басып бере алады.
Шрифт түрлеріндегі әріптердің биіктігі, ені, олардың
Ара қашыктығы, интервалдары әртүрлі болады. Әрбір адам
мәтінді қағазға шығарар алдында өзіне керекті қаріп түрін және
басқа баспа параметрлерін таңдап, қағаздың мөлшері мен
жолдың енін сәйкес күйге келтіріп алуы тиіс. Осыған
байланысты матрицалық принтерлердің тар (стандартты бір бет
қағаз үшін) және кең күймелі (қатар түрған екі бет қағаз үшін)
түрлері бар. Жүмыс кезінде компьютердегі мәліметтің (мәтін
теруге арналған компьютер жадындағы кеңістік) өте
көлемді болатынын білген дүрыс, ол экран мөлшеріне
әлдеқайда үлкен болып, мыңдаған жолдардан тұра алады,
оның көлемі тек компьютер жадындағы бос орынмен
және программа ерекшеліктерімен анықталады. Сол себепті
мәлімет қағазға басыларда, әр жолдың ені анықталып, қаріп
ерекшеліктері мен интервалдарға, шеттегі бос орындарға
байланысты мәтін беттерге бөлінеді.
Принтерлер графиктік сызбаларды, суреттерді түрлі түсті
етіп басып бере алады, соған байланысты олардың көптеген
модельдері бар.
Қазіргі кезде принтерлердің матрицалык, лазерлік, сия
бүріккіш және термографиктік түрлері бар.
Соңғы кезге дейін ең көп таралған, арзан, әрі пайдалануға
қолайлы лазерлік принтерлер болып саналады, оларда қағазға
таңба салу лазерлік сәуле арқылы жүзеге асырылады.
Матрицалық принтерлерде баспа тиегі қағаз жолдарымен
жылжи отырып, керек кезінде бояйтын (көбінесе қара бояу)
лшта арқылы қағазды символ суретіне сөйкес нүқып отырады.
Арзан принтердің баспа тиегінде 9 ине бар, бүлардың сапасы
орташа болады: сапасын арттыру үшін инелер бір жолда
жағалап бірнеше рет жүріп өтуі тиіс. Бүларға қарағанда 24 не
48 инелі принтерлер басылымының сапасы жоғары болады.
Матрицалык принтерлердің жүмыс өнімділігі 10-60 секундта
бір бет аралығында (секундына 20 - 400 символ) болады, бірақ
олардың кағаздағы сапасын арттырғымыз келсе,
жылдамдықтан үтыламыз. Принтерлерді таңдау кезінде
олардың латын әрпінен өзге үлттық әріптерді (қазақ, орыс,
үйғыр) баса алатын мүмкіндігіне көп көңіл бөлінеді. Мүндайда
екі түрлі жағдай болуы ықтимал:
а) орыс, казақ әріптерінің бейнелері принтер жадына алдын
ала қондырылған, сондықтан принтер тоқ көзіне қосылысымен
бірден ұлттық әріптерді баса береді. Егер принтердегі
әріптердің кодтары компьютердегімен бірдей болса,
операциялық жүйелер командаларымен (PRINT, COPY)
мәтіндерді қағазға баса беруге мүмкіндік бар. Егер кодтар
әртүрлі болса, онда оларды сәйкестендіретін драйвер-
программалар қажет;
ә) ұлттық әріптер принтер жадында жоқ болғанда, алдын
ала компьютерге үлттық әріптерді принтерге шығара алатын
драйверді (басқару программасын) жүктеу керек. Принтерді
шмесе компьютерді тоқ көзіжн ағытатын болсақ, ол мүмкіндік
жоғалады.
Сия бүріккіш принтерлерде қағаздағы бейне
арнайы сия тамшыларын бүрку арқылы шығарылады. Бірақ
олар қалыңырақ қағазды және тұрақты түрде қадағалап қарап
тұруды керек етеді. Бұл принтерлер матрицалық принтерлерден
жақсы, сапалы әрі дыбыссыз жүмыс істейді, көптеген қаріп
түрлерін қамтиды, дегенмен жоғары сапалы қағаз түрлерін және
сияны жиі керек етеді.
Лазерлік принтерлер - ксерография принципін
қолданатын қүралдарға жатады, бүларда әріп бейнелері
электрлік тәсілмен бояу жұқтырылған доңғалақ арқылы қағазға
түседі. Доңғалаққа әріптер бейнесіндегі бояу жұқтыру
компьютер командалары арқылы лазерлік сәулелермен
жүргізіледі. Қағаз бетіндегі бір дюйм аумаққа 300-ден 2400
нүктеге дейін салу мүмкіндігі бар, сол себепті таңбалар сапасы
жоғары болады. Сонымен, лазерлік принтерлер өте сапалы
басылым бере алады жәнз жылдамдықтары да жоғары - орташа
есеппен алғанда, секундына 330 символ (бір бетті 3 ^ 1 5
секундта) басып бере алады. Бірақ лазерлік принтердің бағасы
кішігірім ДЭЕМ-нің бағасымен бірдей.
0 дауыс
Қай жері туралы ????(нақты жазшы)
Сия бүрккіш принтері жайында толық мағлұмат барма сізде?
0 дауыс
Принтердің бетіне қағазды қойып оны компьютерден қалай шығарады
...