+4 дауыс
5.1k көрілді
Қасқыр мен Мысық туралы айта кетсеңіздер жақсы болар еді!

4 жауап

+7 дауыс
 
Жақсы жауап

Еркек қасқыр шамамен 50 килограмм болады, ал ұрғашысы 45 кг болады. Тұрғылықты жері жердің солтүстік жарты шеңберінде өмір сүреді.

Қасқырдың өзге хайуандардан дара, олардың ешқайсысына ұқсамайтын қасиеттері көп. Оның бойындағы осындай ерекшеліктерге негізделіп айтылатын аңыздар да жетерлік. Солардың бірі-түркілердің түпнегізін көкбөрімен байланыстыруы.

Ежелгі Қытай жазбаларында мынадай бір аңыз бар: Кезекті бір шайқаста ғундардың бір бөлігі қатты жеңіліс табады. Қарсыластары сол жердегі бүкіл ғұн атаулыны қырып-жойып, атып-шауып тастайды. Ең аяғында жалғыз ер бала ғана қалады. «Ит қорлықпен өлсін» деген мақсатта дұшпандары оның аяқ-қолын шауып кетеді. Елсізде қалған баланы бір қасқыр тауып алады да өз сүтімен асырайды. Адам аяғы баспайтын биік бір таудың ішіндегі үңгірде бала өсіп, ер жетеді. Осы баладан қасқыр жүкті болып, он ұл тауыпты. Түркі халықтары осы он ұлдан тараған-мыс…

Тағы бір аңыз: «айдай сүлу бір ару бөлмесінде ұйықтап жатқанда, оған бір көкбөрі келіп, қосылады. Күн сәулесі кейпінде келген көкбөріден қыз жүкті болады. Түркілердің түпнегізі осы қыздан тараған»…

Қасқырлардың ішіндегі көк аспан түстес келетіндері мен ақ қасқырлар аса киелі хайуан болып есептеледі. Олардың адамдарға көрінуі де сирек. Мұндай көкбөрілермен кезіккен адам да «тегін адам емес, киелі қасиеттерге ие кісі» болып табылады.

Қасқыр — қайсар, аса сақ, қу хайуан. Қайсарлығы — оның кез келген айқаста жеңіске жеткенше не жеңіліп, демі үзілгенше шайқасуынан көрінеді. Ал аса сақ, аса қулығы әр түрлі әрекеттеріне байланысты айтылған. Бірде бір сұр қасқыр ауыл-үйдің арасына кіріп кетеді. Қиқулап қуа жөнелген топ алдында ғана келе жатқан қасқырдан демде көз жазады да қалады. Ары іздейді, бері іздейді, жоқ. Кейін артынан анықтап білсе, арлан қасқыр ауыл арасында тұрған электр желісінің бағанасын құшақтап, тікесінентік тұра қалған екен. Сұр бағана мен сұр қасқыр ешкімнің назарына да ілікпепті. Қасқырдың ақылдығына танданысқан топ, бастарын шайқаса тарқасыпты.

Қазір қасқыр аса азулы, жыртқыш ретінде суреттеледі. Әлі де солай. Бұғауға көнбейтін тұз тағысының аса жыртқыштығын дәріптеудің ең көрнекті үлгісі — «Көксерек» фильмі. Мұнда қасқырдың адам үстемдігіне еш көнбейтіндігінің ең нанымды дәлелі Көксеректің баланы жарып кетуінен айқын көрініс табады. Бұл — қасқырдың мейіріммен ұстауға да көнбейтіндігінің дәлелі.

Қасқыр — дала тағысы. Киелі саналатын көкбөрі тұқымына қатысты тағы бір дерек, ол — оның отбасына беріктігі. Қасқыр бір ғана отбасына ие және ол — бөлтірік тәрбиесін толықтай өз мойнына алған хайуан. Ауыздандыру, бөлтірігін көкжалға айналдыру, бәрі-бәрі — осы ата қасқырдың құзырындағы міндет. Өзге хайуандарда жоқ осы қасиеттер киелі жаратылыс иесін әр кез даралап тұрады.

http://super-referat.ucoz.kz/load/aza_tili_men_debiet/as_yr_turaly_m_limet/6-1-0-307

+7 дауыс
Қасқыр деген жыртқыш аң оны көрсең қаш немесе сені жейді,ал мысық үй хайуаны оны тышқандар көрсе қашады ұстап алса жейді

хахахахаха. Күлкім келіп қатты күліп жібердім. Олардың жақсы және жаман да қасиеті бар шығар мүмкін сұрақты дұрыс оқып дұрыс түсінсеңіз жақсы болар еді. Мысаолы Қасқырдан құтылудын ең оңай жолы қозғалмай көзінді қасқырға бағыттап қарап тұрсан ол сенен қашады. Мен осыны ғана білемін.

Күлгенім үшін кешірерсіз!angelcrying

мен жай қалжыңдап жазғаным ғой
Қасқырдың жақсы қасиеті тазалаушы деген атқа ие қалай дейсіз ғой өлген өлекселерді жейді сасытып ауру шығудың алдын алады жаман қасиеті қойға қырғидай тиеді,мысықтың жақсы әдеті сіздің қай жеріңіз ауырса сол жеріңізге барып жатады шипаны беруші Аллаһ мысық  себепші ғой опендицит сияқты ауруларға кепілдік жоқ мысық жатыр деп жата бермеңіз ауруханаға барғаныңыз жөн болар,ал жаман әдеті столдың астына кіріп мазаңды алады әдепсіз болса үйге отырып кетеді,ұйықтай бергеніңде баыңа келіп пырылдайды.
Қасқырды орман санитары деп те атайды!
аааай,сіз де  қатырдыңыз!!!! ))))))) калжыныңыз жаксы екен =D
Белгісіз
+7 дауыс

Мысықты қолға үйрету Мысықтың түрлері
Соңғы деректер бойынша, мысықты қолға үйрету мұнан кемінде 5 мың жыл бұрын басталған. Үй мы-сықтарының арғы тегі Ли-бия мысығы болып саналады. Ертедегі Египетте мысық қасиетті хайуан деп есептелген, өлгенде бальзамдалып, саркафагтарда жерленген.

Қазір кең тараған мы-сықтың 80 түрі бар. Олар: басы үлкендеу біткен, кержік танау, барақ жүнді парсы мысығы, дене тұрқы сыптығыр, түгі тарғыл жолақтанып келген король мысығы, Мая аралының шолақ құйрық мысығы, Сібір мысығы, тықыр жүнді еуропа мысығы, тү-рік және сиам тобына жататын – сиам, бирман, абиссин мысықтары және т.б. Мұның сыртында мысықтарды түртүсіне, мінезқылығына, көз жанарының түсіне, басқа да белгілеріне қарап ажыратып, атайды. Әлемнің бірқатар елдерінде мысыққұмар-лар клубтары жұмыс істеп әртүрлі көрмелер ұйымдас-тырылады.

Мысықты бағып, күту 7-8 айында жыныстық жағынан жетілетін мысық балаларда оны бөлменің оңаша, таза, жұмсақ тө-сеніші бар жерінде: себетте, жәшікте ұстаған жөн.

Бір мысық 1-ден 7-ге дейін балалап, балалары көзін 7-10 күн толғанда барып ашады, есейгенше ене-сінің сүтімен қоректенеді. Үй мысықтары жылына
2 рет, жекелеген түрлері 4 рет балалайды. Үй мысығы таза хайуан болған-дықтан, оның табиғи қа-жеттілігі үшін пәтерде ішіне құм, топырақ салын-ған жәшік қою қажет, оны уақытылы ауыстырып, мы-сықтың балаларын серуенге енесімен бірге алып шығып, оның мойнына жіп тағып, ұстап жүреді.

Мысықты тамақтандыру Ересек мысықтарды тәу- лігіне 1-2 рет тамақтан-дырса, осы тамақтың мөл- шері 150-200 грамм бо-луға тиіс. Үй мысығының негізгі тамағы: ет (мүм-кіндігінше шикілей), ба- лық (буға пісіріп, не жеңіл

қуырып), сүт. Ет тағам-дарының ішінде мысыққа пайдалысы: ішек-қарын, бауыр, жүрек. Мысықты нанға, сорпаға, ботқаға, шикі көкөніске, жеміске жастай үйретсе, оңай бо- лады. Мысықтың балала-ры енесінің сүтімен қорек- теніп жүргенінде 20 күн-нен кейін оған сиырдың сүтін жылытып беруге рұхсат етіледі. Мысыққа етті тамақты ірімшікпен де ауыстырып береді. Кө- көністерді берерде етту-рағыштан өткізеді. Қазір дүкендерде мысықтарға арнап жасалған тағам түр- лері бар. Мысықты тамақ- тандырарда мамандардың ақыл-кеңесін тыңдаған орынды.

Мысық аурулары Негізінен, жұқпалы ау- рулармен мысықтың балалары жиі ауырады. Мы- сықтар ауырғанда, көзде-рі жасаурайды, ыстығы кө- теріледі, лоқсып құсады, тышқақтайды. Оның ауыр түрлері мысықтың өліп қалуына әкеліп соқтыра-ды. Мысықтан адамға жұ- ғатын қауіпті аурулар: құ- тыру, қотыр жара, қышы- ма. Сол себепті жыл са- йын құтыруға қарсы мы- сыққа вакцина еккізіп тұ- рады. Мысықты дұрыс асы- рамай, далаға өз бетінше қоя беру оның түрлі ауруларды жұқтыруына, оның адам ағзасына берілуіне жол ашады.

http://super-referat.ucoz.kz/load/geografija/j_zhanuarlary_zoologijaly_m_jis_ony_k_tip_stau_t_rtibi/7-1-0-308

...