0 дауыс
1.5k көрілді
Достар маған Неведа Семей қозғалысы туралы н/е Жасыл ел бағдарламасы н/е сутек бомбасы туралы реферат керек еди,Колеми 2-3 бет.Отинем тауып бериниздерши Срочноооо(3 тақырыптың биреуи)

1 жауап

0 дауыс
Менде бар  қалғанын [сайтымнан][1] аларсыз!!! егер сайт бетіне әлі шықпаған болса онда кері байланыс арқылы маған қабарласыңыз!!!

«Невада — Семей» қозғалысы туралы көп айтылды — мақалалар, сұхбаттар, түсініктемелер жарияланды, деректі фильмдер түсірілді, олардың ішінде шетелдік авторлар да бар. Сондықтан «Невада — Семей» туралы көлемді әңгімеге бармай-ақ, қазіргі заманның осы қозғалысына үстірттеу ғана сипаттама бере кеткім келеді. Бұған мені итермелеген осы қозғалысқа, оның жетекшілеріне деген құрмет қана емес, тікетірес және шиеленіс кезеңінде полигон төңірегінде болған оқиғалардың бәріне де әділ баға берудің өте қажеттігі міндеттеп отыр.
Бұл айтулы оқиға 1989 жылдың 28 ақпанында, менің 20 ақпанда полигон жабылсын деген Орталыққа жіберген хатымның талабымен Семейге В. Букатов бастаған үкімет комиссиясы келген күні болған еді. Сол күні ақын әрі жалынды шешен Олжас Сүлейменов Қазақ теледидары арқылы мәлімдеме жасады. О. Сүлейменовтың сол жалынды сөзінен кейін Семей полигонындағы ядролық сынақтарға қарсы бағытталған ашу-ыза өрті қаулап кетті деуге болады.


  [1]: http://ergali.ucoz.com
...