0 дауыс
7.4k көрілді
Әбілхасан Рудакидің өмір баянын тауып беріндерші өтінем

1 жауап

0 дауыс
Әбул-Хасан Рудаки
Уикипедия жобасынан алынған мәлімет

Мында өту: шарлау, іздеу

Әбу-Л-Хасан Рудаки.

Әбу-Л-Хасан Рудаки, Әбу Абдаллах (Әбу-л-Хасан) Жафар Рудаки (860 ж.ш., қазіргі Тәжікстан республикасы, Пенжикент ауд. Рудаки қыстағы — 941, сонда) — тәжік классикалық әдебиетінің негізін салушы, философ. Заманында “Ақындар атасы” атанған. Туындыларының ішінен бізге жеткені “Шарап туралы” қасида, “Кәрілік туралы” ода, 40-қа жуық әр түрлі жанрдағы жырлар. Шығармаларының негізгі идеясы — адам өмірін жырлау. Бұл дәстүр өзінен кейінгі шығыс әдебиетіне зор әсер етті. Ә. Р. өмірдің сәнді, салтанатты жағын, жақсылықты, кіршіксіз таза махаббатты мадақтады, адам бойындағы асыл қасиетті жырлады. Ә. Р. өлеңдері қазақ жұртшылығына ертеден таныс. Ақынның гуманистік сарындағы шығармалары Абай Құнанбаевқа үлкен ықпал жасады. Ә. Р. шығармаларын зерттеуге қазақ ғалымдары Т. Нұртазин, Р. Бердібаев елеулі үлес қосты. Ә. Р-дың өлеңдері Қ. Бекхожин, Ғ. Орманов, Т. Жароков, Т. Шопашев, Қ. Жұмағалиевтердің аудармасы арқылы қазақ тілінде жеке кітап болып шықты

...