0 дауыс
биылгы жазда кандай тус санде болады деп ойлайсыздар достар?
19.04.2012 2.6k қаралым

5 жауап

+7 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Ақ түс

Ақ түске деген ерекше қызығушылық бірнеше маусым бойы сақталып келеді. Оның себебі: ақ түс түрлі түсті киімді ашық, жаңа етіп көрсете алады. Бұл маусымда ақ түсте орындалған шалбар, жейде, белдемше немесе пиджак кез келген киім үлгісін әсемдей түседі. 2012 жазының хиті - ақ шалбарлы костюм.

Ашық түстер

Ашық түстер мен олардың дұрыс үйлесімінің қазір сәнді болуы - алдыңғы маусымдардың ықпалынан. Апельсин түстес, сары, қызыл және ашық-жасыл түстер, сондай-ақ "теңіз түстері" - көк, көгілдір, жасыл-көк сәнге кірмек.

Нәзік ақшыл түстер

Ақшыл бояулар әлі де трендте! Сары, қызғылт сары, алқызыл, көкшіл, сарғыш қоңыр түстердің ақшыл реңктері сұраныста болмақ.

Сәнді принттер

Бірін-бірі толықтыратын әр түрлі принттермен сәнделген киімдер топтамасы сәнде болмақ. Гүлді және акварель стиліндегі киім үлгілері, сондай-ақ үлкен византикалық алқа суреттерімен, жолақтармен сәнделген көйлектерді таңдаңыз. Үстінде жануар не жемістер бейнеленген киімдер маусым жаңалығы болмаса да, аз-маз кездесіп тұрады.
19.04.2012
ҰНАСА ЖАҚСЫ ЖАУАП БАСЫҢДАРШЫ
0 дауыс
Ақ түс пен ашық қызыл сәнде деп естіп едім!!!
19.04.2012
0 дауыс
Естуімше, ақшыл сары түстер сәнде болады. (пудра, тоналка түстес)
19.04.2012
0 дауыс
ашық көк болса жақсы болар еді
19.04.2012
+1 дауыс
сары түстер болса қуанар едім
21.04.2012
127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,988Қолданушы