Ақ түс
Ақ түске деген ерекше қызығушылық бірнеше маусым бойы сақталып келеді. Оның себебі: ақ түс түрлі түсті киімді ашық, жаңа етіп көрсете алады. Бұл маусымда ақ түсте орындалған шалбар, жейде, белдемше немесе пиджак кез келген киім үлгісін әсемдей түседі. 2012 жазының хиті - ақ шалбарлы костюм.
Ашық түстер
Ашық түстер мен олардың дұрыс үйлесімінің қазір сәнді болуы - алдыңғы маусымдардың ықпалынан. Апельсин түстес, сары, қызыл және ашық-жасыл түстер, сондай-ақ "теңіз түстері" - көк, көгілдір, жасыл-көк сәнге кірмек.
Нәзік ақшыл түстер
Ақшыл бояулар әлі де трендте! Сары, қызғылт сары, алқызыл, көкшіл, сарғыш қоңыр түстердің ақшыл реңктері сұраныста болмақ.
Сәнді принттер
Бірін-бірі толықтыратын әр түрлі принттермен сәнделген киімдер топтамасы сәнде болмақ. Гүлді және акварель стиліндегі киім үлгілері, сондай-ақ үлкен византикалық алқа суреттерімен, жолақтармен сәнделген көйлектерді таңдаңыз. Үстінде жануар не жемістер бейнеленген киімдер маусым жаңалығы болмаса да, аз-маз кездесіп тұрады.