0 дауыс
415 көрілді
Қазақстан тарихында , Алтын орданың ханы Өзбекхан(1312-1342) бақсыларды түгелдей қуғынға ұшыратып,орнына исламды ендіріп, өркендетті . Ал Ақсақ темір (1370-1405) барлық жерде бақсыларды қудалап,орнына ислам дінін таратушы өзінің машайықтарын жібереді, қазақ бақсылары тек Қасымхан тұсында ғана еркіндік алған. Және жалпы Қарахан 960 жылы өзін ислам мемлекеті деп жариялады. Сол кезде бір түнде ислам дінін 200 мың түмен басы қабылдаған дейді. мұның бәрі мектеп оқулықтарында жазылған азын-аулақ информация. Ал енді бір досым сол жылдары орамал тақпағандардың басына шеге қағып,тақтырған дейді. осындай жайттар мысалы қаншалықты рас,қаншалықты өтірік, ислам бейбітшілік діні, оны қабылдау қабылдамау адамның әркімнің өз еркінде дейді. Бірақ тарихтың осындай тұстарын қалай түсінсек болады? осы туралы көп білгім келеді. тарихи жайттарды ислами тұрғыдан, нақтылап ислами біліммен түсіндіріп беріңіздерш,Өзбекхан мен Ақсақ темірдің саясаты осы тұрғыдан қандай кітаптарда жазылған. Сұрақты өшірмеуіңіз өтініп сұралады, Білем діни сұрақ, Әрқашан діни сайт Каттани мешінің сайтының сілтемесін жолдайсыз,бірақ олардың жауап жазбағанына осымен біраз күн болды.

3 жауап

+2 дауыс
Дін дегенде ол кезендерде бірнеше бағыттары барғо қәзіргідей , ислам дінін жамылып алып істейтіндер болар. Шын ислам дінінде ешқандай күш көрсетуге болмайды .
Ермұрат,дін туралы сауалдарды өшіру мақсатымыз дінге күш көрсету емес, қайта сол діннің тазалығын сақтау деп түсінген абзал. Біздің арамызда анау деген дін мамандарыда,дін танушыларда жоқ,ал естіген,білген шала сауатпен дінді лайлау өте жаман қасиет.Егер біз сұрақты өшірмесек,осы жердегі қолданушылардың біразы жауап беруге тырысады, оның ішінде дұрысы да,бұрысы да  аралас кетеді,сонда не болмақ. Араб елдерінде бір ғана құранды үш жүз жылдан аса зерттеп жүрген институттар бар екен, оның жанында біз кімбіз. Сондықтан да ондай жауапты сұрақтарды мамандардан жауап алсын деген мақсатта  ізгі ңиетпен "Қаттани сайтын" нұсқаймыз.
Түсінбегенім , менің не қатысым бар?
"Шын ислам дінінде ешқандай күш көрсетуге болмайды"-деп жоғарыдағы жазған пікіріңе берген жауабым ғой,кінәлаудан аулақпын.
+1 дауыс
Өшірмеймін,бұл сұрақ дінге қарағанда тарихи мәліметтерге көбірек келеді, осы бір оқиғалар туралы І.Есенберлиннің "Көшпенділер" топтамасында егжей-тегжейлі жазылады. Өзің оқып шықсың жақсы болады.
ООО,РАХМЕТ, ол кітапты мен как раз оқып жатырм, бірақ әлі Әбілхайырханның ойларын жазған жерлерінен шыға алмай журм )))
0 дауыс
Кітапты сан рет оқығаныңда емес, одан тұжырым жасап түсінгеніңде. Бұрмаланған ақпараттар өте көп.
...