+4 дауыс
34.8k көрілді
Ұшық шыға береді ерніме. Ұшыққа жағатын мазьдың бір коллекциясы жиналып қалды, әйтеуір екі-үш күн жүріп кетеді солармен.

Сонымен ұшық неден шығады? Неге жиі шыға береді? Жиі шықпас үшін не істеу керек?

9 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Тамақтан немесе бір нәрсені көрген кезде ұшынсаң шығады.

Барынша тамақ жегенде немесе лас заттарды көргенде көңіліңізге алмаңыз.

Үйде не жұмыс орныңызда бірдеңені күніге көретін шығарсыз, сондықтан қайта-қайта шығуы мүмкін.
0 дауыс
тамақ ішіп болғаннан кейін аузыңызды жууды ұмытпаңыз
+1 дауыс

Көп жиіркенетін шығарсыз. Тағамнан ұшынғаннан шығады ұшық. Көңіліңізге алмаңыз. Мән бермей өте шығыңыз.

иааа, жасыратыны жоқ, көрінгеннен жеркене беремін. Қанша мән бермей өте шығайын десем де, арам, лас дүниеге көз алдыма еселеніп көрініп кетеді... frown

+1 дауыс

Тазалық керек. Ең бастысы - тазалық. Барлық нәрсе таза болуы керек. Сіз қолданатын зат та, жейтін тағамыңыз да, ішетін сусыныңыз да, киетін киіміңіз де, өзіңіз де таза болуыңыз керек.

0 дауыс
ушык таза,таза емес деп болинбейди.Ол иммунитеттин томендеуинен болады тек коп жемис -жидек жап, кунарлы тамак ишу керек бастысы.
0 дауыс
Бiр нәрсе көңiлiңiзге тисе немесе қатты жиiркенсеңiз шығады, ауылда тұрсаңыз азанымен ештеңе iшпестен бұрын аттың ауздығын қатты қаттығып аузыңыздан артқа қарай тартыңыз 1,5 кун iшiнде жазылады 100%
0 дауыс
Ұшық ауруы вирустық ауру.Қоздырғышы қарапайым герпес вирусы.  Ол ағзада белсенді емес формада болады. Тек иммунитет төмендеген кезде шығады. Қайта шықпас үшін алдымен иммунитетт жоғарылату керек (Құнарлы тамақтану, жеміс жидектер жеу, иммунитетті жоғарытатын препарттар ішу (иммунал,имупрет), поливитаминдер, БАДтар және анемияңыз, ішек аурулары болса,  оларды да емдеу)
0 дауыс
Ен сонгы жазылган жауапка ман бериниз.оте дурыс айтылган.жане косарым дерматологка барып каралган артык болмайды.ушык жии шыга берсе окыган маманнын кенесин тындау артык болмас.ушыктын шыгу себеби коп емдемес бурын соны нактылап алыныз.ен дурыс ем сонда болмак.
0 дауыс
Ұшық бауырға шектен тыс салмақ түсуден шығады. Тым ащы тағам не сұйықтан болуы мүмкін. Бауырдың қарсылығынан ұшық қаптайды.
...