0 дауыс
1.5k көрілді
Мектеп басшысы мен орынбасарлары өздерінің лауазымдарын пайдалана отырып, қарапайым мұғалімдерді қыспаққа  алғандары дұрыс па? Оқушылар концертке билет алмағандары үшін сынып жетекшіге сөгіс беріп, намысына тиетін сөздер айту, мектеп  басшылары мен орынбасарларына әдетке айналған  ба?

5 жауап

0 дауыс
Бұндай жағдай барлық жерде емес. Шүкір, ұстаздарымыз адал, директорымыз да жақсы. Бірақ кейде болмашыға ашуланып жиналыс ашатыны бар. Бірақ сіз айтып тұрған жағдайлар да кездесетін мектептер бар. Ондай директор қызметіне адал емес, немесе жүйкесі дұрыс емес болуы мүмкін. Ақшаға құныққан болар кім білсін. Сыртынан сөкпей-ақ қояйық. Мектепте өмір бойы болмаймыз, сондықтан өміріміздің ең қызықты сәттерін жақсылықпен өткізейік!!!
+2 дауыс
Өте орынды сұрақ...Шынымды айтсам қиын да сұрақ екен...
Оқушылар концертке билет алмағандары үшін сынып жетекшіге сөгіс беріп, намысына тиетін сөздер айту, мектеп басшылары мен орынбасарларына әдетке айналған ба?
- Ашық, бүкпесіз айтатын болсам, қазір заман өзгерген ба, адам өзгерген ба, білмеймін, біздің мектебімізде де  болатын оқиғаны айтып берейін:
- Мектебімізде Әр концерт немесе кино болатын кезде, әр сыныпқа бірдей мөлшерде билеттерді бөліп береді, орта есеппен осыншама оқушы концертке кіреді деп, бірдей мөлшерде яғни әр сыныпқа 20-25 билеттен бөліп беріп ақшасын сұрайды, сол жиырма-жиырма бесі кіреді ма, кірмейді ма , шаруасы жоқ, қызықтырмайды,  тек қана ақшасын жинап берсек болғаны, бізден артық жақсы сынып табылмайды... Барлық мектеп сондай деп айта алмаймын, бірақ мектебімізде осындай келеңсіз оқиғалар көп болып тұрады, тіпті, өзіміз ұйымдастырған концертімізге өзіміз ақшамен кіретін болдық, ал сол концерттен жиналған ақшаны қайда жұмсалып жатқанына есептеспей-ақ қояйын...
- Таяқтың екі ұшы бар дегендей, оқушылардың әрбір істеген бұзақылықтары мұғалімдерге, таяқ, сөз, сөгіс болып тиеді, көпке топырақ шашпайын, енді бір құмалақ бір қарын майды шірітеді дегендей, бір оқушы тәртіпсіз, бұзақы болып шықса, сол сыныпқа ауыр тиетіні секілді, жаңағы бір оқушының билет алмай қалғаны үшін мұғалім сөгіс естиді, оның несін айтамын, сынып жетекшілеріңе жандарың ашыса, мектептің заңына бағыныңдар!!!
0 дауыс
бұл дұрыс емес әрине. Бірақ ең сорақысы бұл емес. Ең сорақысы осындайларды істейтін тек өзіміздің қазағымыз. Оның үстіне мектепке келген сол цирк, концерттен жеке меншік мекемелердікі болғандықтан, олар мектепке концерт қойғаны үшін мектеп оқушыларының түскен табысының 10 пайызын құрайтын қаражатын мектеп орынбасарларына тапсырады ғой. Осы қаражат қайда кетеді десеңші? Осы қаражатты мектеп директорының орынбасары есептеп, жинап түскен 10 пайызды директорға апарып бередіғой.

Ол директордың өз жеке қалтасына түседі. Осы дұрыспа? меніңше жөн емес қой, абалап жүріп директордың орынбасарларына бір тиын да түспейтіні жаныма батады менің. Қолда барда қонышыңнан бас дегенде осылай істемеуі керек. Мектеп ғимараты  мемлекеттікіғой. Осындай түскен табыстар мектептегі болып жатқан іс-шаралардың безендіру жұмыстарына, оқушылардың жарыстарға қатысуының жол шығындарына, келген қонақтарды күтіп алуға жұмсалса жақсы болар еді. Қалай ойлайсыңдар???

Мектеп директорлары креслоны пайдалануға болмайдығой. Бәріміз де пендеміз0 дей тұрғанмен қызметкерлеріне көңіл бөлмесе, дер кезінде көмек бермесе мектептің жағдайы не болмақ?
"Ең сорақысы осындайларды істейтін тек өзіміздің қазағымыз." Барлық келеңсіз жағдайдың ортасына ұлтымыздың ардақты атауын сүмірейтіп жазып қоймайықшы!
0 дауыс
ащы да болса шындық. Сын айтылмай мін түзелмес деген барғой. Әрине менің де намысыма тиеді. Бірақ бәріміз сүмірейіп іштей біле тұра, ештеңе айтпасақ онда көшіміз қайдан түзелсін, керісінше осындайлардың саны арта түспейді емеспе? Ұлтымыздың ардақты атауын сүмірейткен адам шындықты айтқан адам емес, керісінше осындай теңеуге жеткізбес үшін адамдар ойлануы керек сияқты деп ойлаймын.

Ұлт жанашыры ғана өз ұлтының жеткен жетістіктері мен жетпес жерлерін уақытында сорттап отырса, бәлкім адамдар өзгерер деген ойғо менікі
0 дауыс
Егер қарапайым мұғалім жағынан заңсыздық пен қателіктер болмаса дұрыс емес!

Ұқсас сұрақтар

...