+2 дауыс
14.0k көрілді
Асқарұлы Бектілеу  2 сыныпта оқиды Қызылорда облысы,руы  Тоқсейіт Сарықасқа,әкесі-Асқар,анасы-Жадыра,тәтелері -Динара, Жұлдыз,көмектесіңіздерші,рахмет алдын-ала!

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Армысыздар жиналған көпшіл қауым,
Биік қойған жанынан ұлдың арын!
Ұл өсірген қазақтың қайғысы осы,
Қатал сынға салатын әр қадамын!
Шын сыналған жүйрікте мін болмайды,
Ақылы озық - біреуге күң болмайды!
Келіні дана болған қазағымның,
Ұлдары өзге елге құл болмайды!
Көпшілік мен де өзімді сынға салдым,
Ұлықтап қазағымның дәстүр салтын!
Топтан озу мақсатым болмаса да,
Сері болу мақсатым сегіз қырлы!
Әділқазы алқасы армысыздар!
Бейне бір жауатұғын қармысыздар.
Жігіттерге әділ баға беретұғын,
Әділеттен жаралған жанбысыздар?!
Атым - ............. болады сұрасаңыз,
........(руы) екен кешегі бір атамыз.
Әкем аты..................асқар тауым,
Пана болып біздерге жүз жасаңыз!
Анашым                                                       қызы,
Жүзінен төгілетін күннің нұры.
Атыңа кір келтірмей өтсем сенің,
Мойнымнан түсер ме екен перзент жүгі..!
Ұстазым - ......... апай аяулы адам,
Біздерден бар білгенін аямаған!
Осындай ұстаздардың арқасында,
Көпшіліктің көңілі тояр маған!
Көп айтып өз жайымды не қылайын,
Өнеріммен одан да таң қылайын!
Кішіге үлгі, үлкенге өнеге боп,
Сахнаның төрінде сән құрайын!
жаттай алса көрсін, қысқартып болсын
...