Жоңғарды жеңген Абылай рушылдықты жеңе алмай:"Бірінші арманым-үш жүздің басын қоса алмадым. Екінші арманым-еліме мал емшегін емес,жер емшегін емізе алмадым.Сондықтан да үшінші арманым-бірлік болмаған соң,елімнің ертеңгі еркіндігіне толық көзім жетпейді.Сол-өкініш"-деп кетті.
Міне,дәл осы рушылдық психологиясы ұлттық тұтастықтың іріткісіне айналып отырғандығына жаны күйген Мұхтар Әуезовтің:"Қазақың коммунизмге ілесе баратын екі қасиеті бар,ол-рушылдық пен қонағы",деп дәл тауып және кекесінмен айтуы шымбайымызға батса-ақ керек еді.