+1 дауыс
640 көрілді

2 жауап

+2 дауыс
Екінші шет тілін меңгеру деген оңай нәрсе емес. Маңыздысы  тез игеру немесе баяу меңгеру деген сөз емес, сапалы меңгеріп, сол тілді ана тілінен кем білмеу деген сөз! Ал енді оны үйренудің жолдарына тоқталатын болсақ,сіз ол тілді мүлдем білмейтін болсаңыз,яғни бастапқы деңгейде болсаңыз мультимедияменен үйренгеніңіз абзал. Және суретті карточкаларды пайдаланғаныңыз жөн. Грамматиканы басымырақ үйренгіңіз келсе , макмиллан немесе лонгман өнімдерін қолданыңыз,ал егерде ауызекі тілге басымырақ көңіл бөлгіңіз келсе, ағылшын тілінде көбірек музыка тыңдап, шетел тіліндегі  киноны  түпнұсқа күйінде (оригиналда) көргеніңіз сізге үлкен көмегін береді. Ескерту:жоғарыда аталған кітап баспалары тек ағылшын тіліне қатысты!
Рахмет!!! осы сұрақты қоюдың ретін келтіре алмай жүр едім... Жауабыңыз өз нәтижесін береді деп ойлаймын...
+2 дауыс
Ұлпанның жауабынан кейін бар айта алатыным: Кәсіби шет тілін үйрететін курстарға барыңыз/жазылыңыз. Жолыңыз болып өте жақсы маманға кездессеңіз: Екі есе тез үйрену мүмкіндігіңіз бар. Сәттілік.
...