0 дауыс
673 көрілді
Сұрақтың жабылу себебі: Сұрақ жабылды.

6 жауап

+2 дауыс
Хиджап абройды жаппайды дегенге мен өзбасым келіспеймін. Себебі хиджап киетін әйел адам сол киген кимге лайықты іс-әрекет жасауы тиісті. Қыздың абройын сақтау деген ол өз  денесін бөгде кісілерге көрсетпеу яғни жүзін, қолын блектен төмен және аяғын тобықтан төмен ашық, қалған жерлерін жауып жүруі. Хиджап осыларға байланысты жасалған!
дініміз бір болсада еліміздің салт-дәстүрі бір емес бес уақыт намазын оқыса болды емеспе
Белгісіз
Хиджап киу негізінде міндетті. Бірақ біздің еліміз ИСЛАМ дінін мемлекеттік дін деп қабылдамаған сол себебепті кимеседе болады. Дұрысы хиджап болмасада дене мүшесін жауып тұратын киімдер киген жөн! Және тағы айтарым Көркем ханым сіздің айтқаныңыз яғни (АЛЛАҒА ДЕГЕН МАХАББАТ КИІММЕН ӨЛШЕНЕМЕ) дегеніңіз дұрыс емес, сіздей ақыл иесіне мұндай сөз айту жараспайды.
–1 дауыс
Мен келісемін! Өзі хиджап киген, мінезі шәлкес, беттен алып, төске шабатын әйелден, заманына сай киінген, мінезі жібектей керемет әйелді салыстыру мүмкін бе? Хиджап кию міндет емес. Ал егер міндет болса Аллаға деген махаббат киіммен өлшене ме?
Сен біреуді сүйсең оған ұнамайтын киім кимейсің. Оған деген махаббатың киіммен өлшенбесе де сен киімдеріңнің оған ұнағанын қалайсың. Мұсылмандар Аллаһты сүйеді, сондықтан Аллаһ разы болатындай етіп киініп жүруге тырысады. Кім Аллаһты шын сүйсе солай істейді.
Мен біреуді сүйсем, оның киіміме қарағанын қаламаймын. Яғни, ол менің киіміме емес өзіме ғашық болғанын қалар едім. Бұл жерде тағы да сол, махаббат үшін киім маңызды емес болар, оның мінезі, адамгершілігі, сыйластығы маңызды болар. Егер ол менің киімімді жарытпай, бар болмысымды қабылдай алмаса, демек мен оны сүймегенім.
Ал менің қалай киінетінімді білгің келсе, хиджаб емес, ашық-шашық та емес.
Аллах пен құлдың арасындағы махаббат басқа. Аллаһты сүйетін адам қалайша оны тыңдамайды?! Аллаһ құранда айтады:  Бір жек көрген нәрселеріңнің сендер үшін қайырлы болуы мүмкін. Және жақсы көрген нәрселеріңнің сендерге жаман болуы да мүмкін. Аллаһ біледі, сендер білмейсіңдер. (Бақара ,216)
Аллаһ хиджаб киюді бұйырса яғни онда біз үшін хайыр бар деп сенеміз. Аллаһ Дана!
Хиджаб кию кереккой...
0 дауыс
<a href="http://image.kz/"><img src=" title="" alt="" /></a>


~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~
0 дауыс
Бұл жерге Хиджаб жайлы сұрақ қою біртүрлі екен. Негізі мешітке күнде барып қалмай жүрсеңіз бәрін біліп аласыз. Тіпті Ислам діні жайлы туралы да көп оқу керек. Негізі Хиджабқа қарсы шығудың қажеті жоқ. Ол Көркем айтқандай бәрі дұрыс. Шыныменде  Riddle Girl - дың суреті таң қалдырады.
0 дауыс
Хиджаб  кию міндетті емес,ол арабтардың киімі ғой ен бастысы әурет жерлерін жауып жүрсе болғаны.Басына орамал тақсын ода тұрған не бар?!Иман киімде емес,жүректе болуы керек.Кей қыздарды көріп жүрміз ғой хиджаб киіп алып көзін көгертіп бояп алатын
көзді бояуға болмайтынын дәлелде!
0 дауыс
[Мына жерде][1] талай әңгіменің басын қайтарып, біраз серпілісіп қалдық! Негізі,
[Сайт ережесі][2] бойынша, Діни тақырыптағы сұрақтарды қоюға рұқсат берілмеген,
Кешіресіздер, осы сұрақты жапқаным дұрыс болар, Себебі ДІН тақырыбындағы сұрақтар "оңай" емес. Оған діннен хабары бар мамандар жауап бергені дұрыс.


  [1]: https://surak.baribar.kz/131446/?show=131488#c131488
  [2]: https://surak.baribar.kz/сайт-ережесі
Сол ғо...
...