+3 дауыс
Қысқасы, әңгіме былай болып тұр:

Машинамның беріліс қорабы - типтроник. Машинаны алға немесе артқа қозғалту үшін беріліс қорабының қосқышын E (автоматты беріліс қораптардағы D күйінің баламасы) немесе R күйіне ауыстырғанда қырт еткен дыбыс шығып, беріліс ауыстырылғаны білінетін болып жүр. Бұрын болды ма, болмады ма - білмеймін. Бұны соңғы 1-2 аптадан бері байқап жүрмін. Бірақ панельдегі көрсеткіш шамдар әзірге жанып жүрген жоқ. Ал енді сұрақ: берілісті ауыстырған кезде, қораптан қырт еткен дыбыс шығуы қалыпты нәрсе ме?

Алдын ала рақмет!
27.04.2011 1.7k қаралым

1 жауап

+3 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Оны СТО-ға барып тексертсеңіз болады. Автоның ақауын тек тыңдап, шұқылап көріп барып, не үшін болғанын айтуға болады.

P.S. Менде ондай дыбыс естілмеді. Бірақ автоның маркасына да байланысты болуы мумкін.
27.04.2011
Өзі де осы аптаның соңында апарсам деп жүрмін. Бекер уайымдап жүрген болсам жақсы болар еді деген зебрадәме ғой біздікі :)))

СТОның да СТОсы болады ғой. Ана жері бұзылған, мына жері бұзылған деп неше түрлі ауру шығарып беретіндері кездеспес үшін осылай алдын ала білетіндерден сұрап, көз жеткізіп алуды жөн көргенім еді.
Барған кезде тек беріліс қорабын ғана көрсет. Басқа жерлерін тиіспей ақ қойсын.
127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,988Қолданушы