+3 дауыс
910 көрілді
Интернет, агент -дегендер ғой, жалпы?

8 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Зияны өте көп тиіп жатыр.
Біріншіден - денсаулық ( Денсаулығымды ойлап отырсам да,интернетке тәуелді болып қалған сияқтымын.)
Екіншіден - жалқау болып кеттім (үй шаруасымен мүлдем айналыспайтын болып кеттім)
Үшіншіден - сөйлеу мәнерім бұзылып бара жатыр. Сөздерім шұбарланып, агенттың тілімен сөйлейтінді шығарып алыппын.
Төртіншіден - уақытымның өте көп пайыздық үлесі интернетте отырумен кетеді.
Осындай осындай маған зияндары тиіп жатыр.
Негізі, Сұрақ - өте орынды сұрақ!!
Сондықтан, Мади мырза сізге рахмет!
Енді мүлде кірмеңіз мұнда !ха ха ха :D
Кешіріңіз, сіз бұйрық райда айтып жатырсыз ба? Егер, солай болса, менің не істейтінімді, қайда кіретінім , кірмейтініміді сіз шешпейсіз. Ол жағын өзім білемін, Және де мен интернетке тек қана Сұрақ Жауап сайтына кіру үшін кірмеймін. Ойланып сөйлегеніңіз дұрыс болар. Айтылған сөз - атылған оқпен тең. Барынша абайлап сөйлеңіз!
Өзіңізге пайдасы тиіп жатқанда оның пайдасын айта білу керек, егер ол зиян болса онда өзгелерге зияндылығын түсіндіріп, одан өзіңізді алыс ұстау абзал.
сіздің соңғы екі сөйлем, мылтықтың ұңғысын өзіңізге қаратып шүріппені басқан суретті салып тұрғандай. оқығаныңызға рахмет.
Кешірерсіз, бірақ сұрақта: " Виртуалды түрде тілдескеннің сізге зияны тиюде ме?" деп қана жазылып тұр. Пайдасы бар ма деген сөзді көрмей тұрмын! Ал сізге бұның қатысы не?
Мен сізден өзіме қатысты ештеңе сұраған жоқпын. Тек қана сіздің қатысыңызды сұрадым. Бар болғаны сол!
Қалжың .... райында айтып/жазып жатырмын.
+1 дауыс
Жоқ, зияны тиіп жатқан жоқ.Орынды пайдаланамын мен.
+1 дауыс
Орынды пайдаланса зияны тие қоймас деген ойдамын.
0 дауыс
Ия зияны өте көп тиіп жатыр. Біріншіден - Сабақ, Екіншіден - Уақыт.
0 дауыс
*Жо-жоқ, зияны тиіп жатқаны жоқ! Орынды пайдаланамын  ))*
0 дауыс
50:50
орынды пайдалансам өзіме пайда,
орынсыз пайдалансам өзіме зиян!!! өзгелерге де....
Сауалнама екен???
Иа, иа...
0 дауыс
әр затты орнымен пайдалансаң зияны болмайды, егер асты да тойғаныңды білмей көп ішсең олда зиян ғо, сонда ас зиян екендеп оны ішпеуіміз керек пе?
қажетінше пайдаланып ішінен тек керегін алып үйренейік және өзімізден кейінгілерге осы жерде керек пайдалы ақпар тастап кетуге тырысайық. оқығаныңа рахмет!
0 дауыс
Мен үшін маңызды емес
...