+1 дауыс
1.8k көрілді
Маған өзімнің мінезім ұнамайды:
-тұйықпын
-көп сөйлемеймін
-ойымды әрқашан айта бермеймін, дәл ойлағандайғып жеткізе алмаймын
-біліп тұрсам да айтуға асықпаймын
-ұялшақтықты аса қатты жеп көрем бірақ өзімде бар
Осылырды өзгертуге бола ма?
 Қалай?

6 жауап

+2 дауыс
Маған ұқсас екен! Бір ортада өмір сүріп жалыққан шығарсың. Жазда басқа жаққа шығып демалып, танымайтын адамдармен араласып көріңіз! Шамалы болсада өзгеріп келесіз!
Рахмет жақсы кеңес екен. Бұл жолын да көремін. Осы себептен өз-өзіме риза емеспін.
+2 дауыс
Мінезіңді өзгерту өзіңе байланысты,мен ашық,мейірімді адам болуым керек деп өзіңізге міндеттеме жүктесеңіз,бірқатар нәтижесі шығуы мүмкін.Достарыңызбен жақын араласып,сыйлы ортада мінезіңізге көп көңіл бөліп,біраз жай қалыпта ұстап үйреніп қараңыз,әр адамның мінезі өзгереді,тек ол үшін өзін боғауыздан,жаман сөздерден,дөрекілікке шек қою керек деп ойлаймын!
+1 дауыс
менен кутылсанда мінезінен кутылмайсын деп маған урыса береді бәрі соған қарағанда ешкашан озгермейтін шығар)))))))
+2 дауыс
Бұл  мінез емес темперамент сияқты.
Темперамент және мінез:
 Темперамент дегеніміз психикалыќ процестердің өтуінің динамикалық ерекшеліктерін және адам мінез-құлқын, олардың күшін, жылдамдығын, пайда болуын, тоқталуы мен өзгерісін сипаттайтын қасиетгер жиынтығы. Темперамент қасиеттерін адамның түлғалық қырларына шартты түрде жатқызуға болады. Өйткені, олар биологиялық тәуелді болғандықтан адамның дара ерекшеліктерін қүрайды. Темпераменттің төрт түрі бар: сангвиник, меланхолик, холерик, флегматик. Бұл төрт типтің ішінде сангвиник пен оған қарама-қарсы - меланхолик сезім темпераментіне жатады. Алғашқысы түйсіктер жүйке жүйесінде және адамның санасында аса жылдамдықпен пайда болады және сырттай бірден байқалады, бірақ іштей түрақсыздығымен сипатталады. Меланхолик темпераментінде түйсік (сезім) сырт кезге онша байқалмайды, бірақ іштей өте терең және ұзақ болып келеді. Сангвиник темпераменті көңілді адамдарға тән. Ол болашаққа сенімді, әзілкеш болып келеді. Ол тез қызбаланады, бірақ тез сабасына түседі, жақында ғана өзін баураған нәрсеге қызығушылығы тез басылады. Сангвиник көп уәде береді, бірақ өзінің уәдесін орындай бермейді. Ол бейтаныс адамдармен тез және оңай тіл табыса алады. Ақкөңіл және әрдайым көмек беруге дайын түрады.. Оны ауыр ой мен дене еңбегі тез шаршатады.
  Меланхолик темпераменті көңілсіз адамға тән. Ондай адамның, әдетте, ішкі өмірі күрделі және ауыр болып келеді. Ол өзіне қатыстылардың бәріне үлкен мән береді, тынымсыз және нәзік жанды болып келеді. Ол көбінесе және уәде берер кезде өзін ерекше бақылай алады, өзі орындай алмайтын нәрсе үшін ешқашан уәде бермейді.
Холерик темпераменті қызба адамға тән. Мұндай адамды «ол өте қызба, шыдамсыз» дейді. Алайда, оның айтқанын жөн санап, дүрыс деп қабылдаса ол мінезінен тез қайтады. Оның қозғалысы шалт келеді.
Флегматик темпераменті салқынқанды адамға тән. Ол ауыр және белсенді жүмыстан гөрі әрекетсіздікке бейім. Мұндай адам әсерлене бермейді, алайда, әсерленсе сол күйде үзақ болады. Мінез – бұл тұлғаның адамдарға және орындалатын жұмысқа қатынасын анықтайтын тұрақты белгілерінің жиынтығы. Мінез іс-әрекетте және қарым-қатынаста (темперамент сияқты) көрініс береді және ол адамның өзіне ғана тән құлық ерекшелігін білдіреді. Қарым-қатынас мәнері тәрбиелі, инабатты немесе ұстамсыз, сыпайы не дөрекі болуы мүмкін. Темпераментпен салыстырғанда мінез жүйке жүйесінің қасиеттеріне ғана байланысты емес, ол адам мәдениеті, оның тәрбиесіне де тәуелді.
 Темпераменттерді тәрбиелеуге болады!!!
+2 дауыс
Мінезімді өзгертем деп ойламау керек сияқты.Мүлдем.Артық ой секілді.
P.S.Пікірім.
+2 дауыс
Темпераменттерді тәрбиелеу
Темперамент жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешелігі. Темперамент деген ағзаның физиологиялық өзгешеліктерімен, жоғарғы жүйке қызметінің тума қасиеттерімен шарттас психикалық құбылыс.
1.Сангвиник-ширақ, жүйке жүйесі күшті,қозу мен тежелуі тең, ерекшелігі ашық, көпшіл, сөзшең,қайырымды, оптимист.
2.Холерик-ұстамсыз, жүйке жүйесі күшті, қозу басым, ерекшелігі күйгелек,тынымсыз,шамданғыш, белсенді.
3.Флегматик- жүйке жүйесі күшті, тежелу басым, қозғалысы баяу, ерекшелігі өте сақ, байсалды, жақсылық тілейді, бір қалыпты.
4.Меланхолик- жүйке жүйесі әлсіз адамдар, ерекшелігі өкпелегіш, пессимист, тұйық, сөзге сараң, баяу.
 Холерик ұстамсыздықты тежеуді жаттықтыру керек. Оған талап қойған кезде, жұмсақ және байыппен сөйлеу керек.
Меланхоликтерде белсенділікті арттыру керек, оларды қоғамдық жұмысқа барынша кірістіру керек.
Флегматиктерде де сондай қасиеттерді қалыптастыру керек.
Ал сангвиниктерде тұрақтылықты орнату керек.
...