Мен бүгін олимпиадаға қатысып едім...

0 дауыс
341 қаралым
Мен бүгін олимпиадаға қатыстым, сөз жоқ, бірінші орынды алдым, енді қанша балл жинасам да   М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ға тегін оқуға түсетініме өте қуанып отырмын!!! Бірақ, қуанғаныммен өзіме-өзім сенімді болмай отырмын, олимпиада сұрақтарына толық жауап бермеген секілдендім, қалай бірінші орын алғаныма түсінбей отырмын, тек ақшамен сатып алдың дей көрмеңдерші, сатып алған жоқпын, грант негізі маған тиісті болмау керек сияқты еді, немесе өзімді ала-алмайтыныма толық сеніммен барған едім, "бақ па, бап па"  білмеймін, жолым болып кетті ма? Мен біреудің алдын орап кетпедім ба осы? Егер сұрағым бір түрлі болса жасырамын, тек ақыл айтыңдаршы!!! Мен өзімді кінәлі санап отырмын, толық жауап бермесем де қалай бірінші орын?? Әлде мұғалімімім меннен бірдеңені жасырып тұр ма?
Жалпы сұрақ

7 жауап

+4 дауыс
Жақсы жауап
Құттықтаймын.Маған тартыпсың,  жасырын пиарлыққа жаның ұрып тұр екен. Тағы да құттықтаймын. Сұрағыңа келсем,  " Қалай алғанымды өзім де түсінбей тұрмын : / " _ _ -демекшісің ғой....    Иә, болары болады. Жеңері жеңеді. Бап дейміз, бақ дейміз.... Бұл уақиғаның орын алуына 3 себеп бар: (деп қарастырамын)
1.Біреу айтпақшы:  
-  Жеңдік.  Жарыста Бірінші - Екінші - Үшінші орын алдық . Алақай !!!!
- Кім-кім болдыңдар ? ...
- Мен . Өзім. Жалғыз.
- Қарсыластарың кімдер ? ..
- Олар келмейғалды...
Орынға таласта Қатысушылардың саны неғұрлым аз...соғұрлым "шанс" та арта бермек. Солардың бірі Саған бұйырған. Егер олай емес десең;
2.Бәлкім, Сен толық жауап бермеген де боларсың...бірақ, "Қарсылас" сайыс қатысушылардан мүлдем жауап бермегендер бар шығар анау-мынау сұрақтарға...Сол деңгейлеріңді сырттай салыстырып, орынды  осы Қызға бұйыртайық деген  әділҚазылар шешімге келді.
3. Шынымен де қажымас еңбегің үшін сый жасаған болар Періштең.)
Несі болса да, қуануың "тыныш" болып,  ешкімге мақтан түрінде жайылмауын ескер. Қызғаныватр болады.)
Сонымен қатар өзіңді сол Орынға лайықты сезін. Әрқашан. Әрқашан.
Рахмет, Алишер! Ойың ұшқыр  екен! Көп-көп рахмет!
+2 дауыс
*Мүмкін ұстазың ақша ұсынды не қарсылыстырыңдікі сенен төмен болды белгілегендері не басқанікімен ауысып кетті Бірақ мүмкін бағын шығар  ҚҰТЫТАЙМЫН және де СЕНІМДІ бол СЕН өзіңді лайық деп сезін!*
Рахмет! Жауабыңа да Рахмет!
+4 дауыс
ЖасиКо жарайсың шын жүректен құттықтаймын,1-орын әр адамда бола бермейді,әрқашан осы қалпыңда жүре бер!Сенбей отқаныңды түсіндім,бірақ мүмкін бұл шынымен сенімділігіңнің арқасында болған жетістігің шығар!Сен басқа біреудің орынын тартып алуың мүмкін емес,тіпті мұғалімде бәрін дұрыс шешіммен береде ғой,не дегенмен 1-орынды алғаның үшін осы сайттан мен саған ризашылығымды білдіргім кеп отыр!
Жауаптарыңа Рахмет! Сабырландым...
+1 дауыс
Құтты болсын. :құшағы гүлге толған смайлик:
Алишер ағай жазған 3себептің біреуі болуы әбден мүмкін. Мән бермеңіз. Ең бастысы сізге бұйырды. Меніңше, ақылды қыз сияқтысыз, демек еңбегіңіздің жемісі!
Рахмет, ..:::жұмбақ қыз:::.! Көңілім бір көтеріліп қалды ғой!
+1 дауыс
Жалпы өзімнің көз алдымда көріп жүрген нәрселерімді айтайыншы. Сондай әрекеттерге менің намысым жібермейді, әділетсіздікке. Физикадан қалалық пәндік олимпиада болған-ды, соның ішіне алдыңғы 1-ші, 2-ші, 3-ші қатарлы орындардан біздің мектеп 2-ші орынды иеленіп тұрып, 3-ші орынға түскеніне жыным келді. 1-ші орынды балл қосып, аррамдықпен алып кеткенді көріп, сыныптасымды Құдай алдында адал, әділетті болсаң болғаны, замананың ағымына ермей-ақ қой деп жұбатқаным есімде. 1-ші орынды қай мектеп алғанын айтпай-ақ қояйын, себебі менің мектебімді жақтырмай отырған бір қыз бар. Ол оқыса өсек таратады. Солай болған 3,4 ай бұрын болған олимпиада.
Жауабыңа Рахмет, Ербол!
+1 дауыс
Құтты болсын,Жасико! Келешекте де Алла жолыңды оңғарсын деп тілеймін. Жақсы,жағымды іcтерге қуану керек,қалғанын ойлап шаршама.
Рахмет, Жако ағай! Сіздер маған көп көмектестіңіздер!!!
+1 дауыс
Хех, бәлкім ұстазыңыз сол жердеги таныстарына "Жасико" деген қызды іліктіріңдер деп айтқан болар. Қолы ұзын адам шығар. Ондай кездер бізде талай болған.
бәлкім....
127,680 сұрақ
322,223 жауап
153,247 пікір
72,704 қолданушы