+1 дауыс
1.3k көрілді
Мен озім жартылай жетиммін...  Және көп балалы отбасынанмын, яғни 6 бала. Жас тулекпін... Биыл ҰБТ-талаптары күштірек болып турған сиякты, соған қарамастан ЖОО-НА ТҮСКІМ КЕЛЕДІ. Соған маған грантқа қандай жеңілдік болады екен, айтыңыздыршы бауырлар? Жалғыз анама ауырпалық түсірмей оз бетіммен окығым келеді. Оқу орнын да ұсынсаныздар екен.

3 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Заң тұрғысынан жауап бере алмасам да, білгенімді айтайын. Жоғарғы оқу орнына түсу үшін әдеттегідей ҰБТ тапсырасыз. Сізге жеңілдік жасау баллыңызға да тікелей байланысты. Сіз тест тапсырып, сертификат алған соң, кез-келген Мемлекеттік Университетке құжат тапсыра аласыз, сондай-ақ, конкурсқа қатыса аласыз. Конкурс, сіздің жинаған баллыңыздың қай оқу орнына лайық грант бар екенін біліп береді. Яғни, сіз бар болғаны конкурсқа қатысу үшін сізге айтылған құжаттарды өткізіп, өзіңіз қалаған кез-келген қаладағы Мемлекеттік Университет пен мамандақтар тізімін айтуыңыз керек. Сол құжаттармен бірге әкеңіздің қаза болғаны жайлы куәлітің көшірмесін ұсынуыңыз керек. Конкурс нәтижесінде баллыңыз жетпеген жағдайда сізді толыққанда емес отбасынан шыққаныңыз үшін жеңілдікпен грантқа түсесіз, соныман қатар мемлекет тарапынан жәрдемақы-стипендияға, тегін жатақханаға ие боласыз. Ал егер жинаған баллыңыз қанағаттанарлық болмаса 30-50 пайыз жеңілдік жасауы мүмкін, яғни оқу ақысын жартылай өзіңіз  төлейсіз.
Сол үшін, ҰБТ-ға ерекше көңіл аударғаныңыз жөн. Оқыңыз!
Ал егер жинаған балыңыз іштей оқуға (жәрдемақымен қоса) грантқа ілікпейтіндей болса сырттай тапсырыңыз, міндетті түрде грантқа ілігесіз. Ал баллыңыздың іштей немесе сырттай грантқа ілігу-ілікпеу жайлы жорамал-болжамды оқу орнында құжат қабылдаушы консультанттардан ала аласыз, олар сізге бәрін егжей-тегжей түсіндіреді. Сәттілік тілеймін!!!
+1 дауыс
*Дәл білмейм оқу орнындегенмен менің туысқан ағам 30-пайыз жеңілдікпен оқыды жетім әрі 5балалы отбасы болғандықтан*
0 дауыс

Оқу орнында жарты жыл немесе бір жыл ақылы оқып, грантқа ауысып кетуге болады.

...