+1 дауыс
4.6k көрілді
"Айналайын" деген сөз қайдан пайда болды деп ойлайсыздар?

7 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Ерте замандағы түсінік(шамасы, шамандық дәуірдегі ме екен? ) бойынша, адамды  басқа бір адам айналса, ол сол адамнан бар бәлені "алып тастайды" ,"удалить етіп" тастайды.Негізі, сондай мағынада негізі...Сәл-пәл Қатем болса, айтыңыздар.
Менің де ойлап жіргенім сондай еді. Пұтқа табыну кезінен қалған сөз шығар деп. Табынамын, мақтан тұтамын, айналамын, деген мағынада-ау деп ойлаған едім.
-"О, айналайын,көп-көп рахмет"
-" Айналма құлап түсесің"
+1 дауыс
Дұрыс айтады, ерте кезде шамандық сенім нанымда: ауырған адамды айналса ауруы өзіне жұғады деген сенім болған, ауырған адамның өте жақын адамдары анасы, әкесі т.б. ауырған баласын жеке үй тігіп қойып соны айнала жүгірген. Сол үйді айнала жүгірсе оның ауруы өзіне жұғады деп ойлаған. "Айналайын" деген сөз содан қалған
+1 дауыс
Мен ойлаймын-мүмкін айналайын не айналып қана кетейін деп жатады бұл айналғанда бір нәрсеге қуанғанда адамды айналып жатады ғой сондықтан деп.
0 дауыс
саз әлемінде  1 топ айтты мама туралы,сонда сол өлеңде айналайын деген сөз бар болатын,сол кезде ринат заитов  қазақ ешқашан анасына айналайын деп айтпайды,айналайын сөзінің артында,"құрбаныңа айналайын",деген сөз жатыр деген болатын,қателессем кешіріңдер :)
Ааа иә,дұрыс айтасыз ) Есіме түсіп кетті ғой )
Белгісіз
0 дауыс
Алишер Каримовтың "Айналайын" деген әні өте қызық. Сол сөз жайында. тыңдап көріңіз.
0 дауыс
Айналайын деген сөз біртусті, сыныпта бір қыз осы сөзді біреуді кекеткенде, мазақ қылғанда айтады.Мысалы: айналайын жайрақ сөйле деп. Ұнамайды.
Айналайын:  "Айналайын, Қызым, "айналайын" атым ұнамаса айтпа Мені ! " _ )))
0 дауыс
"Айналайын "- әрқашан қасыңнан табылып, керегіңе жарайын деген мағынада шығар.
...