Отбасы дегеніміз – адамзаттың өзінің өмір сүру тарихында құрған ең ұлы құндылықтарының бірі. Отбасының даму үстінде болуына, сақталуына және нығайып отыруына қоғам және мемлекет әрдайым назарын бағыттайды. Әр адамға, жас шамасына қарамастан, берік, әрі сенімді отбасы қажет. Қазіргі таңда бүкіл әлемде отбасы ішіндегі тұрмыстық зорлық-зомбылық кең тараған. Соңғы жылдары тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі құқық қорғау органдары мен халықтың назарын күшейте түсті.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсету болашақ ұрпаққа қауіп төндіреді. Мұндай отбасындағы зорлық-зомбылықтарды көріп өскен балалар бұл әрекетті отбасылық дау-жанжадарды шешудің негізгі құралы ретінде қарастыратын болады және болашақта өзінің отбасында да осы әрекетке жүгінетін болады. Отбасылық зорлық-зомбылық сонымен қатар ажырасулар мен толық емес отбасылар санының көбеюін, балалар панасыздығын және жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық сияқты бірқатар әлеуметтік мәселелерді тудырады.
Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық отбасы мүшелеріне деген агрессивті және қастық әрекеттерді білдіреді. Бұл әрекеттердің нәтижесінде жәбірленуші зиян шегуі, жарақатталуы немесе қорлануы мүмкін.
Созылмалы тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайында бір адам басқаның мінез-құлқы мен сезімдерін басқаруға тырысады. Отбасындағы зорлық-зомбылық әдетте туыстық қатынастармен байланыстағы жақын адамдарға бағытталады. Мұндай отбасындағы зорлық-зомбылық өзінің құрбандарын белгілі бір әлеуметтік немесе этникалық топтарға бағытталып таңдау жасамайды. Ол халықтың әртүрлі топтарындағы отбасыларында болуы мүмкін.
Зорлық-зомбылық көрген балаларға кәсіби көмек берудің жүйесін құру әлеуметтік маңызды міндет болып табылады. Бұл жұмысты орындау барысында оның отбасыны дамытуға және тұтастай алғанда баланың ақыл-ой әлеміне бағытталып жан-жақты болуы керек екендігін есте ұстау қажет.