Сәлеметсіз бе )
ТЕМЕКІНІҢ ДЕНСАУЛЫҚҚА ЗИЯНЫ
*Темекі тарту халық арасында ертеден келе жатқан зиянды әдеттердің бірі.Оны осы кезде еркек те әйел де қарт та жас та тартады.Құныққан адам ертемен төсектен көзін – ашпастан темекіге ұмтылады.Көп адам темекіні жұмыс үстінде, үзіліс кезінде, көшеде, далада, қарны ашса да, тамақ ішсе де шегеді. Құмарпаздар бір шылымды шегіп үлгермей екіншісін бастайды. Үлкендерге еліктеп папирос қалдықтарын балалар да ауызына қыстырады.Бұл әдет алғашында еліктеу түрінде болғанымен келе-келе олар да үйреніп кетеді.Үлкен – кіші бірдей әуестенетіндей осы темекіде не бар? Онда қызығарлық түк те жоқ. Ақиқатына келсек, оның ішінде никотин дейтін нерв жүйесіне, ас қорыту, тыныс алу, жүрек-қан тамырлар жүйесіне ерекше у бар. Никотин суда тез ериді, сондықтан ол ауыздың; мұрынның, кеңірдек тарамдарының кілегейлі қабықшасына оңай сіңеді, сонан соң сілекеймен бірге асқазанға, ішек қарын жолына өтеді. Шылым шегу қан тамырларының тарылуын туғызып, жүрек бұлшық етінің инфарктін, инсультін, журек бұлшық еттері мен мыйдің қан тамырлары ауруларының пайда болуының ең маңызды факторларының біріне айналады. Темекі журек қан тамырлары жуйесіне қалайша әсер етеді? Никотин әрекет етуінің бірінші кезеңінде қан жүру және тыныс алу орталықтарын қоздырады, екінші кезеңінде керісінше оларды қалжыратады. Егер шылым шегетін адамның тамырын басып көрсек онда түтінді бірінші рет жұтқанда жүректің соғуы бәсеңдейді, одан соң жиелей бастайды да қан тамырларының қысымы артады. Бұған сигареттен келетін көміртегі оксидінің қандағы холестеринді көбейтіп атеросклерозды күшейтетінін қосу керек. Жалпы алғанда шылым шегу жүрекке жағымсыз әсер етеді, шылым шегетіндер арасында екіесе инфарктке ұшырау мүмкіндігіне шалдығады. Қан тамыры ауырған кезде жүректен қанның жүрісі нашарлайды, оған оттегінің жеткізілеуі кемейді. Көміртегі оксиды қандағы оттегінің тканьға жеткізулігіне кедергі жасайтындығынан жағдайды қиындата түседі.Сонымен, көміртегі оксидының әсер етуі қан тамыры ауыратын адамдардың миокард инфарктіне ұшырау ықтималдығын арттырады.
Шылым асқазан жарасының себепшісі - әр тартылған сигареттен кейін асқазанда гастриттің белгілері пайда болады.Әуелгі кезде асқазанның жиырылуы төмендейді де никотиннің белгілі мөлшелерінен кейін керісінше арта түседі, қарын сөлінің бөлінуі тежеліп, осының нәтижесінде тәбет жойылады.Бұл гастриттік құбылыстың бәрі асқазан бұлшық еттерінің тырысып тартылуына әкеліп соқтырады. Осыдан келіп астың қорытылуы баяулап іш түйіледі, жүрек айныйды, кейде адам құсады. Шылым шегу қан тамырларын тарылтады, ішкі мүшелердің қан айналымын бұзып асқазанның кілегейлі қабықшасымен аш ішекке жара шығу қауыпын туғызады. Ішкі мүшелер жұмысының бұзылуын шылым шеккен кезде никотиннің сілекеймен бірге асқазанға барып түсуінен кейін оның нейросекреторлық және моторлық белсенділігіне қоздырғыштың әсер ететінен деп түсіну керек. Адамның ішек- қарны көрікті мезгіл – мезгіл қабылдап бір қалып жұмыс жасауға дағдыланған. Темекі уының ішек- қарынға барып түсуі оның жұмыс ырғағын бұзады.
Шылым аяқ гангренасының себепшісі. Аурудың бірінші сатысы – аяқтың мұздауы, өңінің қашуы, саусақтарының жансыздануы сияқты елеусіз белгілерден білінеді. Сонан кейін қанның жетіспеуінен адам ақсаңдай бастайды. Дәл осы кезде табанның сырт жағынан үлкен башпайға қарай өтетін қан тамырларының соқпайтындығы анықталады. Аяқты жоғары көтерген кезде қанның жетіспеуінен табан терісі кенет бозарып төмен түсіргенде көгеріп - күрен тамырда қанның аздығын білдіреді.
Темекі жас өспірімдер үшін өте зиянды, өйткені никотин олардың балдырған ағзасын тез уландырады да дұрыс өсуңне кедергі жасайды.
Әйелдердің темекіні пайдалануы әр кезде жаман әдеттің нышаны деп танылып айыпталады. Сондықтан темекіге әуес қыз – балалар мен әйелдер тереңнен ойланып шежіре шығарулары тиісті. Осы жай туралы орыс ақыны Пушкинның темекі искеген сұлуға арналған мындай өлең жолдары бар:*
Гүлді құшпай тәңертең жұпар шашқан
Қабыстырып жасықсыз құр ішекті
Жасанды жол арқылы ұнтақталған
Құшырлана өбесің улы шөпті.