0 дауыс
4.0k көрілді
Алдың ала үлкееееееен РАХМЕТ!

1 жауап

0 дауыс
Мынау барама?                            Халықаралық мейірімді мейірбикелердің мерекесі өздерінің арасында жыл сайын тойланып, ерекше басымдыққа ие болып келе жатқан атаулы күннің бірі. Бұл күнді аудандық орталық ауруханасы да ұжым болып атап өтті. Алдымен салтанатты сәт аудандық оталық аурухана директоры Қ.Алтайевтің құттықтау сөзімен ашылды. Бас дәрігер ұжымды мерекелерімен құттықтап, еңбектеріне табыс тіледі. 25 аурухана қызметкерлеріне алғыс жариялады. Бас дәрігерден киін сөз тізгінін кезек-кезегімен қолдарына алған директордың орынбасары С.Атаева, туберкулез ауруханасының бас дәрігері Г.Нұрсұлтанқызы әріптестерін өздерінің жүректерінен шыққан тілектерін жолдады. Аумақтық  аурухана бірлестігінің бас мейірбикесі Күләйм Байденова мейірбикелер мирамының шығу тарихын, аурухана қызметкерлерінің жасаған еңбек жолын, жеткен жетістіктерін жіпке тізіп бейнелеп баяндама жасады.

 -Мейірбикелік іс алғашқы уақыттарда адамдардың денсаулығына күтім жасау мен оларды емдеудің әдістері аумағында дамыды. Діни факторларға массаж жасау, шөптерден дәрі дайындап қолдану, ауруларға күтім жасауды құдайдың жолына қызмет ету деп қабылдады. Мейірбикелік іс ерте хрестиян кезінде пайда болып, соғыс жылдары діни жағдаймен әскери тактиканың бірігуіне алып келді. Сол кездегі мейірбикелік іске еңбектері сінген, сырқаттарға күтім жасау үшін белсенді күрескен, мейірбикелікті біліксіз жұмыстан мемлекет реттейтін кәсіпке айналдырған Флоренс Найтингейл мен Елизавета Фрайды. Ф.Найтингел мейірбикелік істі дамтудағы көрнекті рөлі қазіргі мейірбикелік істің моделін жасады. ХІХ ғасырдың соңында мейірбикелік істегі маманданудың артуына деген ынта арта түсті. 1899 жылы мейірбикелердің халықаралық кеңесі құрылды. МХК-ның мақсаты денсаулық сақтау қызметінің деңгейін көтеру, мейірбикелік қызмет көрсетудің сапасын жақсарту, экономикалық және жұмыс жағдайын арттыру болып табылады. Осы кезден бастап мейірбикелердің ісі дами бастады. Барлық мемлекеттерде мейірбикелердің ассоциациялары құрылды. Қазіргі таңда МХК-ның 119 ұлттық мейірбикелік ассоцициясы және 2 миллионнан астам мүшесі бар. 1971 жылдан бастап 12 мамыр Ф.Найтингейлдің туылған күні Халықаралық мейірбикелер күні деп жарияланып, бұл күн жыл сайын кәсіптік мейрам ретінде өзекті тақырыпта өткізілуде. 1999 жылы МХК-ның 100 жылдығына арналған Лондонда өткен конференцияда мейірбикелердің «Ақ жүрек» деп аталатын жаңа эмблемасы таныстырылды. Онда ақ түс, бүкіл әлем бойынша мейірбикелік тәжірибеден ең қажетті болған мейірбикелердің бірыңғай формалы киімдері мен тазалығын білдірсе, жүрек мейірбикелік істің қымбатты бейнесі болған-деді К.Кәрімқызы.

 Денсаулық сақтау саласында жетекші рөлді дәрігер атқарса, мейірбике көмекші ретінде көлеңкеде қалып келді. 2000 жылға дейін құлашын кеңге сермей алмай шектеулі ғана қызмет атқарды. Халықтың түсінігінде адам жанына араша түсер дәрігер деген бір текті ұғым қалыптасты. Ол жөнінде К.Байденова - «2000 жылы 12 мамырда Халықаралық мейірбике күні «Мейірбике әр уақытта сіздерге құрмет етеді» деген ұранмен қарсы алынып, орта буынды медицина және фарматцевтика қызметкерлерінің І сьзді болды. Қазақстан Республикасының тарихында тұңғыш рет мейірбике ісі қызметкерлеріне өздерінің ой-пікірлерін, ұсыныстарын айтуға мүмкіндік туды. Сьезде айтылған ұсыныстардың барлығы қабылданып, бүгінгі таңда іске асырылуда. Республикада мейірбике ісін дамыту үшін жүргізіліп жатқан жұмыстары көп» - деді.

 Аудандық орталық ауруханада ақ жейде кигендердің ісін дамыту жақсы жолға қойылған. Заманауи түрде жабдықталған қондырғылары бар кабинеттерде қызмет атқаруда олар. Білім дәрежесін көтеру мақсатында жыл сайын арнаулы курыстардан өтіп, түрлі санатқа ие болуда. Оған қоса мейірбикелердің білім деңгейін тексеру бағытында жылма-жыл дәстүрлі түрде «Жыл мейірбикесі - 2010» байқауы өтуде.   

 - Осы жылы жоғары санатқа 28, І санатқа 26, ІІ санатқа 10 мейірбикелер ие болды. Біздің аурухана бірлестігінде 136 орта буынды аурухана қызметкерлері қызмет істейді. Қиындығы көп жауапты жұмыстармен қатар аурудың алдын алу бағытында профилактикалық  шаралар, қоғамдық жұмыстар салауатты өмірді насихаттау, аурухананың ішкі-сыртқы тазалығы осы мейірбикелердің еншісінде. Халықтың көңілінен шыға білген мейірбикелер арамызда аз емес. Атап айтар болсақ, Г.Есенғалиева, Ш.Сүйеуғалиева, Г.Абденова, А.Саутова, М.Мутиева осындай тағы басқа қызметкерлеріміздің  еңбектері ұшан-теңіз. Марқұм К.Садикова апаның 40 жылға жуық  аға мейірбикелік қызметін қажымай-талмай атқарып, өзінің кейінгі бірнеше мейірбикелерді тәрбиеледі. Ол кісінің рухына әр кез бас иеміз. Бірнеше жыл операция мейірбикесі болып дәрігер шаммен ота жасағанда, бірінші көмекші болып  талай-талай ауыр оталарды күні-түні демей дамылсыз атқарған Маркиза Хисамиева қазір құрмет демалысында. Москвадан қызыл профессура институтын бітірсе де өзінің жанына жақын, өзімнің орыным ауыр науқастардың ортасы деп бірнеше жыл өкпе аурулары ауруханасында аға мейірбике болған Зинайда Мулхайдарова апамызда қазір құрмет демалысында. Қазақ ССР денсаулық  ісіне еңбегі сіңген  белгісінің иегері Надежда Сағынғалиева,  Шөптікөл, Қалдығайты, Аққозы, аудан орталығында көп жылдар жемісті еңбек еткен Гүлжан Ермекқалиевалар халқына қалтықсыз еңбек еткендер қатарында. Мұндай тізімді айта берсек шексіз. Біз олардың еңбек жолын құрмет тұтамыз. Қымбатты мейірбикелер сіздерді бүгінгі кәсіптік мейрамдарыңызбен құттықтаймын. Ақ халаттарыңызды еш қашан кір шалмасын, жүздеріңізден әрдайым мейірім шуағы кетпесін - деді, К.Байденова баяндамасының соңында.
Рахмет, бірақ бұл тақырыпқа сай келмейді екен
аздап қуыңқырады бала ) қалжын
...