+1 дауыс
1.8k көрілді
Группамда 21 қыз бар, сол ертен мейрамдарымен құттықтап сыйлық береміз, соған қосымша ретінде әрқайсына шумақ өлен арнасақ па деген ой ғо, но енді сол 6 қызға шығара алмай ақ қойдым, олардың аттары: Шолпан, Ақжарқын, Айжан, Ақтолқын, Наурызай, Фатима.

Мысалы:
Күлімдеген көзіңнен,
Айдай аппақ жүзіңнен
Гүлге теңейм Айшаны,
Ерте шыққан көктемнен,
или
Сұлулықты жамылғандай бойына,
Гүлге қарап елестетем ойыма,
Қиыншылық көре-көрме Махаббат,
Көрсен дағы ешқашан да мойыма!

Кез келген көмектеріңізге РАХМЕТ!

2 жауап

+3 дауыс
Шолпан
Шолпандай жарық сенің маңдайың
Тілектерді тек өзіңе арнаймын
көктемнің гүлі болып әрқашан
Жоғалсыншы көңіліңнен бар уайым

Осы болама,қазір шығардым.Егер ұнап жатса бәріне шығарып берейін
+5 дауыс
1).Қыз дегенiң нәзiк жан қыр гүлiндей,
Сәуле шашқан көктегi ол күнiңдей.
Шолпан сұлу қараса бiр күлiмдей,
Қалатын жiгiт бар ма бiр сүрiнбей.))

2).Группаның қыздары аман болсын!
Iсiңiзге бiр жаңа қадам қонсын!
Ақжарқын құтты болсын мерекеңiз,
Әр досың ақ жүрекпен адал болсын!))

3).Күлiм көз,сұлу бейнең алтын таңдай,
Айжан қыз қиғаш қара қасың қандай!?
Назданып күлгенiңде, күйде қалам,
Көктемнiң қызғалдағы ашылғандай.))

4).Ақтарайын өлеңмен достық сырды,
Шаттанамын көргенде жас көркiңдi.
Ақ жауыннан кейiнгi ашылатын,
Қыр гүлiне теңейiн Ақтолқынды.))

5).Мiнезi асқар таудың бұлағындай,
Көңiлi кең, көктемнiң құрағындай.
Наурызай жарқырап жүре бершi,
Наурыздың нұрлы бiр шуағындай.

6).Көрiктi көлдей тұнық дидарымен,
Бөлiскен өнер-бiлiм жиғанымен.
Фатимадай ару қыз досымызды,
Құттықтап қояйыншы мейрамымен!!!

7).Жиналған бiз әр өлке ұландары,
Жiгiттер достық тiлек,жыр арнады.
Құттықтаушы сiздердi тобымыздың,
Қияға қанат қаққан қырандары.
мынау өте өте өте ұнады....қыздарға арналған не деген суйіспеншілік...
Достар өтінемін көмектесініздерші маған таныстыру керек еді.Топ басшылар сайысына.атым-Айдана ІІІ Шумақ керек еді
...