0 дауыс
13.2k көрілді
Қозы көрпеш баян сұлу туралы мәлімет бар ма?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Осы барама?               Жырдың негізгі идеясы

Жырдың негізгі идеясы – адал махаббатты дәріптеу. Бас кейіпкер Қозы Көрпеш кіршіксіз таза махаббат иесі, батыр, адамгершілігі мол жігіт ретінде суреттеледі. Қозы сияқты Баян да адал ниетті, ақжарқын, өзінің сүйгеніне қосылуды арман еткен, ақылына көркі сай жан ретінде бейнеленген. Жырда айтыс, тұрмыс-салт жырлары: естірту, жоқтау, қоштасу, т.б. кеңінен қолданылады. Сыбанбай, Бекбау, Жанақ, Шөже, т.б. ақындар әр кезде дастан оқиғасын өздерінше жырлаған.

Нұсқалары

Жалпы 20-ға жуық нұсқасы бар. Ең көп тарағаны – Жанақ нұсқасы. Алғаш ел арасынан жинап, хатқа түсіргендер: Г.Саблуков (1830), Ғ.Дербісалин (1834), А.Фролов (1841), Шоқан Уәлиханов (1856). Ал М.Путинцев жырдың мазмұнын орыс тіліне аударып бастырды (1856), В.Радлов бір нұсқасын жинағының 3-томына енгізді (1870). Орал қаласына келгенде А.С. Пушкин жыр желісімен танысып, қызығушылық танытып, үзінділерін жазып алған. Бұл жырды С.Кастанье, Н.Абрамов, Г.Потанин, т.б. ғалымдар жоғары бағалаған. Н.Пантусов, Р.Әбдірахманов, Е.Баранов, т.б. зерттеушілер жырды орыс тіліне қара сөзбен тәржімалап, жариялады.

Тарихы

Ақын Г.Твертин (1889 – 1921) орыс тіліне тұңғыш рет өлеңмен аударып бастырды (1927 – 35). 1878, 1890, 1894, 1905 ж. Қазан қаласында жеке кітап болып жарық көрді. Кеңестік дәуірде алғаш 1925 ж. Мәскеуде шықса, жырдың Жанақ нұсқасын 1936 ж. Мұхтар Әуезов Алматыда шығарды. Жырды Мәлік Ғабдуллин, Ысқақ Дүйсенбаев, Әуелбек Қоңыратбаев, т.б. ғалымдар салыстыра зерттеген. Дастанның басқа да түркі халықтарында тараған нұсқалары бар. Мысалы, башқұрттарда ол «Қозы Курпәс мәнән Маян сылу», бараба татарларында «Қозы Көрпеш», алтайлықтарда «Қозы Эркеш» деп аталады. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырының негізінде «Махаббат дастаны» кинофильмі түсірілді (1954), драмалық шығарма жазылды (1940).
...