+1 дауыс
7.2k көрілді
Математика пәніне байланысты ойын есептері,жұмбақтар,логикалық есептер көбірек болғаны болса,тауып бересіздерме достар?

5 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
1.    Арыстан бір қойды 2 сағатта, қасқыр 3 сағатта, ал ит 6 сағатта жей алады. Олар барлығы жабылып осы қойды қанша сағатта жей алады?
А) 1
В) 2
С) 3
Д) 1,5
Е) 2,5

2.    Сандар белгілі бір заңдылықпен орналасқан. Сұрақ белгісінің орнына сәйкес келетін санды табыңыз:
1; 3; 7; 13; 21; ...?
А) 23
В) 29
С) 31
Д) 37
Е) 43

3.    Сатының 21 баспалдағы бар. Қанат пен Жанат осы баспалдақтарды санайды: біреуі төменнен жоғарыда, біреуі жоғарыдан төменге дейін. Олар Қанаттың оныншы деп атаған баспалдағында кездеседі. Бұл баспалдаққа Жанат қандай нөмір береді?
А) 13
В) 14
С) 11
Д) 12
Е) 10

4.    Бір қалаға 100 турист келді. Олардың 10-ы неміс тілін де, француз тілінде білмейді. 75 адам неміс тілін біледі, 83 адам француз тілін біледі. Неше турист осы екі тілдің екеуінде білетінін анықтаңыз.
А) 47
В) 58
С) 63
Д) 68
Е) 72

5.    2а санының 4%-нің 9%-і а санының 5%-інің неше процентін құрайтынын анықтаңыз.
А) 16%
В) 22,4%
С) 14,4%
Д) 4,8%
Е) 9,6%

6.    Қара, жара, жоба, қора, қожа сөздеріндегі әріптер белгілі бір сандармен белгіленген. Жоба сөзінің сандық белгісін табыңыз.
А) 5373
В) 4373
С) 5173
Д) 5143
Е) 4163

7.    Әріптердің орнына 0 мен 9 арасындағы цифрлар қойып, С-ның орнына қандай цифр сәйкес келетінін анықтаңыз:
                          _ А2С
                              С2А
                       ________
                              С96
 А) 7
В) 3
С) 5
Д) 4
Е) 2

8.    Дөңгелекті үш түзу арқылы ең көп дегенде неше бөлікке бөлуге болатынын табыңыз:
А) 4
В) 5
С) 6
Д) 7
Е) 8

9.    Күзетші 4 күн жұмыс істеп, бесінші күні дем алады. Ол жексенбі күні дем алып, дүйсенбі күні жұмысқа шығатыны белгілі. Қанша күннен кейін оның демалысы тағы да жексембіге түседі?
А) 30
В) 36
С) 33
Д) 34
Е) 35

10.    Қазір қызы 8 жаста, ал шешесі 38 жаста. Қанша жылдан кейін шешесінің жасы қызының жасынан үш есе үлкен болады?
А) 17
В) 9
С) 5
Д) 7
Е) 12

11.    Құрбақа тереңдігі 50 м құдыққа түсіп кетті. Бір күнде ол 18 м жоғары көтеріледі де, сонан кейін 12 м төмен түседі. Сол орнында келесі күнге дейін қалады. Келесі күні де осы қайталанады. Құрбақа неше күннен кейін құдықтан шығады?
А) 8
В) 7
С) 9
Д) 6
Е) 10

12.    Үш таңбалы екі санды қосқанда оқушы мынадай қате жіберді: бірінші санның ондығын көрсететін 8 цифрын 3 деп алып, ал екінші санның бірлігіндегі 3-ті 8 деп шатастырып, қосындыда 713 санын шығарды. Қосындының дұрыс мәнін табыңыз:
А) 709
В) 724
С) 745
Д) 758
Е) 761

13.    2-ге, 3-ке, 4-ке, 5-ке, 6-ға бөлгенде 1 қалдық қалатын 7-ге қалдықсыз бөлінетін ең кіші натурал санды табыңыз.
А) 151
В) 281
С) 301
Д) 421
Е) 241


Жауаптары: 1-А;    2-С;   3-Д;   4-Д;   5-С;   6-Е;   7-В;   8-Д;   9-Д;   10-Д;   11-В;   12-Д;   13-С.
+1 дауыс
Мұндай сұрақтарға жауап беру дұрыс деп санаймын.
+1 дауыс
[мына сайтта бар болу керек қарап көріңізші][1]


  [1]: http://www.maths.kz/
0 дауыс
1) Миллионда да неше нөл бар?
а) 5нөл
ә) 9нөл
б) 6нөл

2) Асқар 4 жылда туылған күнін 1 рет тойлайды. Ол қай күн?
а) 26наурыз
ә) 12 сәуір
б) 29 ақпан

Ж 3,3
0 дауыс

1) Миллионда да неше нөл бар?
а) 5нөл
ә) 9нөл
б) 6нөл

2) Асқар 4 жылда туылған күнін 1 рет тойлайды. Ол қай күн?
а) 26наурыз
ә) 12 сәуір 
б) 29 ақпан

 

Сатының 21 баспалдағы бар. Қанат пен Жанат осы баспалдақтарды санайды: біреуі төменнен жоғарыда, біреуі жоғарыдан төменге дейін. Олар Қанаттың оныншы деп атаған баспалдағында кездеседі. Бұл баспалдаққа Жанат қандай нөмір береді?
А) 13
В) 14
С) 11
Д) 12
Е) 10

Бір қалаға 100 турист келді. Олардың 10-ы неміс тілін де, француз тілінде білмейді. 75 адам неміс тілін біледі, 83 адам француз тілін біледі. Неше турист осы екі тілдің екеуінде білетінін анықтаңыз.
А) 47
В) 58
С) 63
Д) 68
Е) 72

...