Жоқ! Жоғарыда айтылған бірде бір жауаптармен келіспеймін. Қандай жағдай болмасын шынайылық керек. Бар болмысыңмен көріне білу керек. Тіпті, болмай бара жатса бір сәтке сол мұғалімнің орнына өзің тұрып көр, бір түрлі емес пе жағымпаздану деген? Мұғалім де адам, ол да ана, ол да бір кездері өзің секілді оқушы болған, айтсаң түсінеді. Сеніміне кіру мақсат емес, сендіре білу мақсат. Бастысы сен оған мұғалім деген көзбен емес өзіңнің әпкеңдей елестет. Шынайы бол!