+1 дауыс
Қайырлы күн! "Көк ту" әнінің сөзін және авторын тауып бере аласыздар ма? Алдын ала рахмет!:)
10.04.2012 1.4k қаралым

1 жауап

0 дауыс
КӨКТУДЫҢ ЖЕЛБІРЕГЕНІ (Алмас Ахметбекұлы / Ибрагим Ескендір )

Көктудың желбірегені — Қазақтың асқақ беделі.
Махаббат, қайрат екеулеп,
шымырлатқаны денені.

Көктудың желбірегені — жаныма қуат береді.
Таласқа түссе жан мен ту
жан емес,
маған керегі-
Көктудың желбірегені.

Көктудың желбірегені-
елдіктің асқақ өлеңі,
әр жаққа тартпай, Қазағым,
бір сөзге жинал дегені.

Көктудың желбірегені — бақыттың елжірегені,
қиырда қалған Қазақтың
Азат отанға жете алмай
көзінің мөлдірегені.

Дерек көзі [http://www.kazblog.kz/blog/video/19.html][1]


  [1]: http://www.kazblog.kz/blog/video/19.html
10.04.2012
127,958Сұрақ
322,882Жауап
153,169Пікір
72,992Қолданушы