КӨКТУДЫҢ ЖЕЛБІРЕГЕНІ (Алмас Ахметбекұлы / Ибрагим Ескендір )
Көктудың желбірегені — Қазақтың асқақ беделі.
Махаббат, қайрат екеулеп,
шымырлатқаны денені.
Көктудың желбірегені — жаныма қуат береді.
Таласқа түссе жан мен ту
жан емес,
маған керегі-
Көктудың желбірегені.
Көктудың желбірегені-
елдіктің асқақ өлеңі,
әр жаққа тартпай, Қазағым,
бір сөзге жинал дегені.
Көктудың желбірегені — бақыттың елжірегені,
қиырда қалған Қазақтың
Азат отанға жете алмай
көзінің мөлдірегені.
Дерек көзі [http://www.kazblog.kz/blog/video/19.html][1]
[1]: http://www.kazblog.kz/blog/video/19.html