+1 дауыс
Ұлттық қор туралы мәлімет керек
10.04.2012 886 қаралым

1 жауап

+1 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Үкіметтің Ұлттық банктегі шотында шоғырландырылатын, қаржылық активтер түріндегі, сондай-ақ материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге мүлік түріндегі мемлекет активтері Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры болып табылады. Ұлттық қор мемлекеттің қорланымдарын қалыптастыру, сонымен бірге әлемдік бағалардың жағдаятына республикалық және жергілікті бюджеттердің тәуелділігін төмендету мақсатында жасалынады. Ол мемлекеттің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, қаржылық активтерді және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге мүліктерді жинақтауға, экономиканың мұнай секторына тәуелділігін және қолайсыз сыртқы факторлардың ықпалын төмендетуге арналған. Ұлттық қор жинақтау және тұрақтандыру функцияларын жүзеге асырады. [Толық нұсқасы мына жерде][1]


  [1]: http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD_%D2%B1%D0%BB%D1%82%D1%82%D1%8B%D2%9B_%D2%9B%D0%BE%D1%80%D1%8B
10.04.2012
Рахмет сізге!

Ұқсас сұрақтар

127,958Сұрақ
322,878Жауап
153,169Пікір
72,985Қолданушы